Тасымал.Қазақстан картасы. Мақал.

44

№47сабақ.  Сабақтың тақырыбы: Тасымал.Қазақстан картасы. Мақал.

Сабақтың мақсаты:  а) Оқушылардың тасымал туралы түсініктерін, білімдерін   кеңейту.Е.Өтетілеуовтың «Қазақстан картасы»өлеңімен таныстыру.Мақал жаттау.ә) есте сақтау, ойлау, өз ойларын жеткізе білу қабілеттерін  дамыту.Сөздік қорларын молайту. б) тазалыққа, ұқыптылыққа, елін сүюге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:Қазақстан картасы, кесте

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:73- жаттығудыорындағандарын тексеру.2.«Қазақстан-Республикам менің» өлеңін мәнерлеп оқыту3. Ережелер сұрау

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:«Жеміс жинау»ойынын ойнату арқылы сабақ алған білімдерін жан-жақты тексеру.

  1. Мақсат қою кезеңі:Біз бүгін «Қазақстан картасы өлеңімен танысып, Ермек Өтетілеу туралы мағлұмат аламыз.Тасымал туралы түсінікті кеңейту мақсатында жаттығу жұмыстарын орындаймыз
  2. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмысТасымал туралы түсінгендерін сұрай келе жаттығулар орындату. 74-жаттығу Сөздерді оқыту , й әрпінен басталған буындарды тапқызу.Сөз бөлігін и әрпінен бастап тасымалдату.Жай-йылым, тү-йе, қа-йық, сү-йек, ме- йірімді Әдеби мәтін тапсырмасымен жұмыс жүргізу.Ермек Өтетілеу туралы мағлұмат бере келе «Қазақстан картасы» өлеңімен таныстыру.Өлеңді оқып беру, түсіндіру.Картадан қала-да көрсету.Өлеңді мәнерлеп кезекпен оқыту.Жер аттарын дәптерлеріне жаздырып, естеріне сақтату.Өздерінің облыстары туралы әңгімелету.Ж.Жабаевтың «Елім менің жерге бай,

Айдынды шалқар көлге бай» мазмұнының мағнасын түсіндіріп, жаттату.

VI.Жаңа материалды пысықтау:Сұрақтар жазылған карточкалар үлестіріп беріп, сұрақтар мен тапсырмаларды орындату арқылы жаңа материал бойынша меңгергендерін тексеру.

VII.Бекіту  кезеңі:Мына өлеңдегі даланың, ұлымын сөздерін тасымалдап жаздыру арқылы білімдерін бекіту.

Мен даланың ұлымын

Жас түлектің бірімен

Көкірегін аймалап

Көктеп шыққан гүлімін

VIII.Үйге тапсырма, бағалау:1.«Қазақстан картасы» өлеңін мәнерлеп оқу 2.75-жаттығу   3. Өлеңдегі жер аттарын жаттау