Тасымал. Біздің ту

№48сабақ. Сабақтың тақырыбы: Тасымал. Біздің ту                                 

Сабақтың мақсаты:а) Оқушылардың тасымал туралы түсініктерін                 кеңейту,тасымалдауға болмайтын сөздермен таныстыру, әдеби мәтін бойынша түсінік беру ә) есте сақтау, ойлау, қабілеттерін дамыту. б) тазалыққа, қамқорлыққа,адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:тудың сурет,автордың суреті

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:1. «Қазақстан картасы» өлеңін мәнерлеп оқыту2. 75-жаттығуды тексеру 3. Өлеңдегі жер аттарын жатқа айту, картадан көрсету.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:

«тез айт» ойынын ойнату арқылы білімдерін жан-жақты тексеру

  1. Мақсат қою кезеңі:Тасымалдауға келмейтін сөздер туралы білесіңдер.Тұманбай Молдағалиевтуралы біліп, «Біздің ту» өлеңімен танысамыз және туды кім жасаған, яғни тудың авторы Шәкен Ниязбеков туралы білетін боламыз.
  2. Жаңа сабақ:Қазақ тілінде кейде жазып келе жатқанда тасымалдауға болмайтын сөздер де кездеседі.мысалы:1.Бір буынды сөздер2.Бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздер

3.Тасымалданбайтын екі буынды сөздерОндай сөздерді ешқашан да тасымалдауға болмайды.Оларды тұтастай жазу керек.Енді осыны тереңірек түсіну үшін жаттығулар орындаймыз.76-жаттығу Өлеңді оқыту, өлеңнің бірінші шумағын көшіріп жазу.Тасымалданбайтын сөздерді тапқызу.Бір буынды сөздердің астын бір,бір буыны бар екі буынды сөздердің астын екі сызу керек.

Бар менің мысығым

Көрсең оның пысығын

Қақпақылдап ойнайды

Ол әжемнің ұршығын

Сөздерді қалай тасымалдайды?Бір буыны бар сөздердің тасымалданбау себебінсұрау.77-жаттығу Тасымалдауға болмайтын екі буынды сөздерді буынға бөліп оқыту

Әдеби мәтін тапсымасымен жұмыс тудың суретін көрсету, авторы Шәкен Ниязбеков .Ту туралы қысқаша әңгімелеп беру.

Біздің бүгінгі танысатын өлеңіміздіңаты «Біздің ту» авторы Тұманбай Молдағалиев.Автор туралы қысқаша мағламат бере келіп, өлеңді мәнерлеп оқып кезекпен өлеңді оқыту

VI.Жаңа материалды пысықтау:

Сұрақтар  қою арқылы білімдерін пысықтау.

VII.Бекіту  кезеңі:1.Сөздік диктант.2.Тасымалдауға келмейтін сөздердің астын сызғызу.

VIII.Үйге тапсырма, бағалау:«Біздің ту» өлеңін мәнерлеп оқуТасымалданбайтын сөздер туралы біліп, есте сақтап келу.Оқушы белсенділіктерін бағалау.