Қазақстан территориясы ерте тас дәуірінде

72

Бутакулова Гулназ тарих пәні мұғалімі Жаңақорған

Сыныбы: 6                            Пәні: Қазақстан тарихы              Күні: 20.09.2013ж.

1.Сабақтың тақырыбы:  Қазақстан территориясы ерте тас дәуірінде

2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі:

  Қазақстандағы ерте тас дәуірінің ерекшеліктері мен еңбек құралдары, саналы адам туралы білу

3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі:  сиқырлы қалам, жигсо әдістері

 4.Сабақтың нәтижесі:

Білу:  Қазақстандағы ерте тас дәуірінің ерекшеліктері мен еңбек құралдары туралы біледі

Түсіну: адамның өміріндегі еңбек құралдарының, қауымның маңызын түсінеді (көпшілігі)

Қолдану: қазіргі шаруашылық пен ежелгі адамдардың іс-әрекетін салыстыра алады

5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: Blob tree арқылы бағалау

6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: мақсаттардың

орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.

7.Ресурстар мен жабдықтар: PowerPoint, АКТ, постерлер, маркерлер, т.б.

Сабақтың барысы

Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті Ресурстар
3 мин Оқушыларды сабақтың, тақырыбымен,  мақсатымен таныстыру, сергіту сәті Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысады, сергіту сәтін жасайды Презентация

1-слайд, сергіту сәті

10 мин Үй тапсырмасын пысықтау үшін «сиқырлы қалам»  арқылы сұрақтар құрастыртады Сұрақтар құрастырады, жауап береді

 

2-слайд
10 мин Оқушыларға  тақырып бойынша мәтінмен жұмыс бөлініп беріледі  Топ ішінде оқушылар оқулықтан ақпарат іздеп, жұмыс жасайды Постер, маркерлер
15 мин Тақырып бойынша өз жұмыстарын қорғауға мүмкіндік береді Өз жұмыстарын қорғайды Интерактивті тақта
5 мин Бағалау Blob tree арқылы бағалайды  
2 мин Үйге тапсырма беру: §5