Дауыссыз дыбыстардың жіңішке айтылуы. Гимн.

60

№51-52 сабақтар.  Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың жіңішке айтылуы. Гимн.                                      

Сабақтың мақсаты:  а) Оқушыларға сөздегі дауыссыздардың жіңішке айтылуы туралы  түсінік беру.Әнұран туралы  түсінік беру. ә) сөйлеу тілдерін дамыту.Сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін  дамыту. б) ұқыптылыққа, әдептілікке тәрибелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: әнұран суреті,

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:1. Жаңылтпашты жатқа сұрау2. «Елтаңба» өлеңін мәнерлеп оқыту3. Ережелер сұрау

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:«Гүл  жинау» ойынын ойнату арқылы оқушылардың білімдерін жан-жақты тексеру.

  1. Мақсат қою кезеңі:Біз бүгін сөзде дауыссыз дыбыстардың жіңішке айтылуы туралы білетін боламыз, және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнімен танысамыз.Гимні авторларымен де таныс боламыз.
  2. Жаңа сабақ:Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса ,ондағы дауыссыз дыбыстар да жіңішке болып айтылады.Кестеменжұмыс

Жаттығулар орындату 80-жаттығу. Өлеңді  мәнерлеп оқыту.Дауыссыз дыбыстары жіңішке   айтылған сөздерді тауып, көшіріп жазуМіне, сенің мектебің, зейін, тентегім.81-жаттығу Сөздерді салыстырып оқыту.Дауыссыз дыбыстар қай сөзде жіңішке айтылғандықтарын салыстыруҚазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнімен таныстыруӨлеңнің сөзін оқып беру, сөзін жазғандар ж.Нәжімединов, Н.Назарбаев әнін жазғандар Ш.Қалдаяқов Өлең шумақтарын талдап, түсінік беру  Гимнді орындау

VI.Жаңа материалды пысықтау:«кім көп айтады?» ойынын арқылы жаңа материалды меңгергенін тексеру

VII.Бекіту  кезеңі:«Сәбіз» тақырыбында диктант жаздыру.Дауыссыздары жуан айтылғансөздердің астын бір рет, дауыссыздары жіңішке айтылған сөздердің астын екі рет сызғызу.

VIII.Үйге тапсырма, бағалау:1.Гимнді жаттау2.Ережелерді қайталауБелсенділіктеріне қарай оқушыларды бағалау.