Қазақ халқының наным-сенімдері.

294

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы:  § 43. Қазақ халқының наным-сенімдері.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: оқушыларды Қазақ халқының бұрынғы кездегі наным-сенімдерімен, дінімен, жалпы рухани мәдениетімен және ерте кездегі наным-сенім түрлерінің пайда болу тарихымен таныстыру.
  • Дамытушылық: дінге деген оқушылардың жан-жақты көзқарастарын қалыптастыру, дін және наным-сенімдердің адам баласының рухани өмірінде алатын орнын анықтауға үйрету, ежелгі наным-сенімдерді нақты түсіне білу қабілетін дамыту.
  • Тәрбиелік: халқымыздың ежелден келе жатқан рухани мәдениетіне құрметпен қарауға үйрету, діни сенімдердің адам баласына пайдалы жақтарын анықтауға көмектесу, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік: «Қағбаның» суреті, карта, т.б.

Сабақтың барысы:   I. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында   сұрақтар беремін:

  1. Дала әуендері дегенді қалай түсінесіңдер?

2.«Адам дүниеге әнмен келіп о дүниеге әнмен аттанады» деген сөздің мағынасын түсіндір.

  1. Әншілер мен күйшілер бұрынғы кезде неліктен халыққа өте жақын болған?
  2. Қазақтың қандай ұлттық музыка аспаптарын білесің? Оларды неден жасайды?
  3. Күйлерді қандай күйлер деп бөледі? Неге олай атайды?
  4. Қазақтың әнші, күйшілерінің ішінен кімді ерекше атайсың? Оның себебін түсіндір.

Дәптерлеріне жазған әншілер мен күйшілердің шығармаларын тексеріп шығып, бірнеше оқушыға оқытып бағалап отырамын.

Үй тапсырмасын қорытындылап, өткен сабақтан алатын өнегелеріміздің көп екенін ескертіп өтемін.

III. Жаңа сабақ.

Жаңадан өтілетін сабақтың тақырыбы мен жоспары алдын ала тақтаға жазылады.

Сабақ жоспары:

  1. Ежелгі діни түсініктер.
  2. Қазақ халқының алғашқы сенімдері.

Алдымен тақтаға «Дін» деп жазып бұл туралы оқушылардың не ойлайтындарын дәптер бетіне бір-екі сөйлеммен түсіруді тапсырамын.

Содан оқушыларға жазғандарын оқытып, олардың ішінен кейбіреуін   бір сөзбен тақтаға жазып қоямын.  Оқушылардың жазғандарына шолу жасай отыра жаңа сабақты түсіндіріп етемін.

Дін ежелден келе жатқан рухани түсініктердің бірі. Адам баласы алғаш жаратылғаннан бастап табиғаттан тыс жаратушы бар деп ойлап, сол белгісіз күштерге сенген. Алғашқы кезде адам баласының наным-сенімі олардың кәсібіне және қоршаған ортасына байланысты болған. Алғашқы адамдар көптеген табиғат күштерінің алдында дәрменсіз болды, сондықтан табиғи күштерге табыну да кең орын алды. Бірақ адамдар осының бәрін бір Жаратушының ісі деп ойлады.

Сонымен дін адам баласының жаратушыға табынуы, оған деген нанымы болып табылады. Алғашкы діни түсініктер ерте заманда, яғни тас дәуірінде пайда болған.

Ол кездің бір қызығы адамдар жаратушыны ағаштан немесе тастан ойып жасаған. Оны түл деп атайды.

Тас дәуірінде адамдар сонымен қатар табиғат күштеріне және отқа табынған. Қола дәуірінде адамдардың діни түсініктері одан әрі дамиды.

Ерте кезде қазақ халқында да түрлі наным-сенімдер орын алған.

  • Қазақстан жеріндегі алғашқы жүйелі діни наным -Заратуштралық. Оның негізін б.з.б. II ғасырда (3500 жылдай бұрын) алғашқы діни-философиялық ағымды таратушы Заратуштра (Зәрдүш) қалаған. Бұл діндегі жоғары құдай — Ахурамазда. Қасиетті кітабы — «Авеста». Бұл дінді алғаш рет сол кездері Қазақстан жерін мекендеген тайпа арийлер қабылдаған.
  • Ұлы Жібек жолы арқылы қазақ жеріне христиан, будда, манихейлік діндер тараған.
  • Ежелгі түркі халқының діни нанымының негізі Тәңірге табыну. Тәңірді түркілер Көк деп білген. Көктен кейінгі сыйынатын күш отбасы мен балалардың қорғаушысы Ұмай құдай-ана, яғни Бай ана болып есептелген.
  • VII-VIII ғасырлардан бастап қазақ жеріне арабтар арқылы жаңа дін ислам діні ене бастаған. Азғана уақыттың ішінде ислам діні Қазақстанның көптеген жерлеріне тарап үлгерді.

Осыдан кейін  діннің адам баласына пайдасы туралы шағын әңгіме өткіземін.

  1. Дін Аллаһтың әмірі
  2. Діннің тәрбиелік мәні.
  3. Дін — бейбітшілік жаршысы.
  4. Діни құндылықтар.

Қорытынды кезең:

Сабақты бекіту

Хронологиямен жұмыс   «Семантикалық карта» толтырту

 Жаңа сөздермен жұмыс « Сөзжұмбақ».

 Аукцион.

Бағалау:

Үй тапсырмасы:§ 43 Кесте толтыру

Тақырыпқа байланысты сөзжұмбақ құрастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөзжұмбақ

4.
3.
1.       5.
2.
6.

 

Көлденеңнен:

  1. Мұсылман елдерінің  тұтынынатын діні.
  2.    Азия даласында 3500 жыл бұрынпайда болған дін.
  3.    Дінді зерттейтін ғылым саласының атауы.

 

Тігінен :                       3. Ұлы жібек жолы арқылы  тараған діндердің бірі.

  1. Үндістаннан келген дін.

5.Ұлы жібек жолы арқылы Ираннан келген дін.

 

 

 

 

 

 

Семантикалық карта

 

Хронология   Б.з.б.ҮІ ғ. ҮІІ-ҮІІІғ.       Б.з.б.

ІІ мыңжылдық

Б.з.б.

ІІ-! мыңжылдық

Заратуштра адамзаттың алғашқы діни танымының негізін қалаған мерзім
Будда, Манихей, Христиан діндері  қай кезден бастап Қазақстан жеріне ене бастаған ?
«Отқа май құю» яғни қола  дәуірінде қолданылған рәсім кезеңін  тап
Қазақстан жеріне Ислам  діні тараған кезең

 

Топтастыру «Дін құндылықтары»

Адамгершілік, ізгілік, имандылық, адалдық , тазалық, әдептілік,инабаттылық, кішіпейілділік

 

 

 

 

Дін құндылықтары