Қарахан мемлекеті (942-1212 жж)

Тақырыбы: Қарахан мемлекеті (942-1212 жж)

Мақсаты:

  1.  Х ғасырдың орта кезінде құрылған Қарахан мемлекетінің құрылу тарихын, қоғамдық құрылысы, мемлекеттің саяси жағдайы мен шаруашылығы туралы мәлімет беру.
  2. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  3. Оқушылардың өз елінің тарихын сүюге, құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдіс

Көрнекілігі: тестр, интерактивті тақта, карта, флипчарт

Пәнаралық байланыс: география, әдебиет.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

ІҮ. Қорытынды, бағалау

Ү. Үйге тапсырма.

Үй жұмысын тексеру.

Жоспары:

  1. Көне түркі  мәдениеті және оның Қазақстанға ықпалы.
  2. Әдеби тілдің және жазба әдебиеттің дамуы.
  3. Түріктердің діни наным-сенімдері.

1.Біздің жерімізде ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы феодалдық мемлекеттердің бірі

А)  Түркеш қағанаты   В)  Түрік қағанаты  С)  Батыс Түрік қағанаты  D)  Шығыс түрік қағанаты  Е)  Қарлұқ қағанаты

 

2.Қандай оқиғадан кейін Бумын Түрік қағанатының билеушісі болды.

А)  Жужандарды жеңген соң  В)  Ұйғыр қағанатын жеңген соң   С)  Енисей қырғыздарын жеңген соң  D)  Арабтарды жеңген соң   Е)  Эфтолиттерді жеңген соң

3.“Теле сөзінің мағынасы.   А) Ұйғыр  В) Қарлұқ  С) Түрік  D) Оғыз  Е) Қимақ

4.Түріктердің шаруашылығы

А) Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы  В) Аңшылық  С) Балық аулау D) Егіншілік  Е) Ешқандай шаруашылықпен айналыспады

5.“Түрік” этнонимі бірінші рет деректерде қашан кездесті

А) 542 ж.В) 545 ж. С) 546 ж. D) 547 ж.   Е) 548 ж.

6.Бумын елді қай кезеңде басқарды.

А) Монғол  В) Түрік С) Қазақ  D) Батыс түрік  Е) Қарлұқ

7.Түрік қағанатының екіге бөлінген уақыты.

А) 603ж  В) 604ж С) 605ж D) 606ж  Е) 607ж

8.Батыс Түрік қағанатының жазғы ордасы.

А) Суяб  В) Сығанақ  С) Мыңбұлақ  D) Күнгіт  Е) Испиджаб

9.Салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп,олаға “селиф”деген атақ

берген қаған

А) Шигу В) Қапаған  С) Тон  D) Тордуш  Е) Ешбар

10.Батыс Түрік қағанатында яғбу,шад,елтебер атағы кімдерге берілген

А) Қағанатты басқарушыға  В) Қаған руынан шыққандарға  С) Қарапайым халыққа  D) Салық жинаушыларға  Е) Сот ісін басқарушыларға

11.965ж.  оғыздар хазарларға қарсы әскери одақ құрды

А) Иранмен  В) Киев Русімен  С) Қытаймен  D) Арабтармен   Е) Парсылармен

12.Оғыз мемлекетінің күшеюіне үлес қосқан

А) Әли  В) Шахмәлік   С) Тоныкөк  D) Бұмын   Е) Мұқан

13.Жабғудың кеңесшілерін қалай атаған

А) Күл-еркіндер  В) Он оқ бұдын  С) Беклербектер  D) Тархан  Е) Басқақтар

14.Оғыздардағы тайпалар саны

А) 20  В) 24  С) 30  D) 34  Е) 40

15.Оғыздардың күз айларында Ұлытау баурайында көшіп жүргенін айтқан ғұлама

А) Әл-Бируни   В) Әл-Морвази  С) В.В.Бортольд  D) М.Қашғари   Е) Ибн Хаукәл

Көне түркі ескерткіштеріне сипаттама

Тоныкөк ескерткіші, Күлтегін ескерткіші, Білге қаған ескерткіші.

Сонымен төрт ғасырға жуық Қазақстан жерінде өмір сүрген түркі тілдес тайпалар қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық және мәдени жағынан бір саты болса да ілгерлеп дамыды. Ендеше бүгінгі сабақта дамыған орта ғасырлардығы  «Қарахан мемлекетін»  өтеміз.  Олай болса, экранға назар аударамыз.  Видео «Қарахан мемлекеті»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоғамдық құрылысы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттің саяси жағдайы.

Қаған (мұрагерлік жолиен берілді)        Хан ұрпақтары (тегіндер, ілік хандар, бектер, нөкерлер)         Хан кеңесшісі уәзірлер.

 

Басқару тәртібі:

Иқта-иқтаны алған адамдар, ол жерде отырған қарапайым халықтан алым-салық жинап, ханға әскери қызмет етуге міндетті болған.

Вақф- Дінбасыларға, діни мекемелерге ірі жер иеленушілер, көшпелі әскербасылар өсиет етіп қалдырған жерлер, олардан салық алынбады.

Музари мен барзигар – Отырықшы аудандарда шаруалардың үлеске алған жерлеріне алым-салық жинастырып отыру.

Коммендация- Әлсіз адам өз үлесіндегі жерді күштінің қамқорлығына берді, ол әлсіз адамды қорғауға тиіс. Әлсіз өзінің шамалы жерден алған өнімін және отбасын қорғағаны үшін күштіге салақ төлеген.

Қарахан мемлекетінің шаруашылығы

 

Егін, бау-бақша өсіру

(Тараз, Талхир, Баласағұн)

 

 

Жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығы

(Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан)

 

Қарахан мемлекетінің мәдениеті.

  1. Малшылар мен егіншілер есебінен қалалар мен қыстақ кенттер қатары артты.
  2. Жартылай отырықшылық етек алды.
  3. Қолөнер, көзе жасау ісі дамыды.
  4. Шығыс моншасы көптеп салынды.
  5. Атақты адамдар басына күмбездер тұрғызылды. Айша-бибі, Бабаджа-қатын, Қарахан кесенелері-қарахан дәуірінің ескерткіштеріне жатады.

Ізденіс жұмысы. (Айша-бибі, Бабаджа-қатын, Қарахан кесенелері)

Бекіту.

Сәйкестендіру тесті

№1

Уақыты

 

Болған  оқиға

Садық Боғра -хан Қарахан мемлекетінің негізін қалаған жыл

Мұса билігі
Ислам діні мемлекеттік дін деп жариялану
Қарахан мемлекеті батыс және шығыс иелікке бөлінген жыл
Қарақытайлардың Жетісуға басып кірген жыл
Қарахан мемлекетінің өмір сүрген жылдары
1141 ж

 

960 ж

 

1942ж

 

955 ж

 

1040 ж

 

 

 

№2

Мемлекет атауыТарихи шеңберЖер аумағыАстанасы

 

Ел билеушілеріЖоғарғы билеушінің титулы

 

ТайпаларыӘлсіреуінің себептері

 

 

Қорытынды: Жалпы қорыта келгенде, Қарахан мемлекеті Қазақстан жеріндегі қоғамдық құрылысы жағынан жан-жақты дамыған феодалдық-патриархалдық мемлекет болды.

Үйге тапсырма:  §11 мазмұны .«Қарахан мемлекетінің құрылуының мәдениетке ықпалы» деген тақырыпта реферат жазу.