Қарахан мемлекеті

185

 

БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Бисен ауылы, Б.Жанекеешов атындағы ЖОББМ-нің тарих пәнінің мұғалімі

 Ашенов Бекзат Қанатқалиұлы

Сабақтың тақырыбы:  «Қарахан мемлекеті»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға хандарды таныстыра отырып, Қарахан мемлекетімен таныстыру;

А) Білімділік: Қарахан мемлекеті туралы, шығу тарихы, дәстүрі, мазмұнымен таныстыру;

Б) Дамытушылық: Қарахан мемлекеті туралы оқыта отырып, бұл мемлекет туралы жаңа ой дамыту:

В) Тәрбиелік: Адамгершілік, тәрбиелік, ізденістік қасиеттеріне баулу;

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақтың әдісі: Баяндау, кестемен, сөзжұмбақпен жұмыс, сұрақ- жауап

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыптық суреттер, кестелер, слайд

Сабақтың өту барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

  • Сәлеметсіздерме, сыныпта кезекші кім, сабақта кім жоқ.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Түріктердің рухани мәдениеті». Біз үй тапсырмасының нәтижесіне жету үшін алдымыздан кезігетін қақпалардан өтеміз:

Ендеше алдымен «темір қақпаның» сұрақтары»

  1. Қорқыт ата кітабы неше жырдың қосындысынан тұрады? -12
  2. Жалпы көне түрік тілінде жазылған жәдігерлер саны қанша?-200 ден астам
  3. Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері?-Күлтегін және Тоныкөк жазбалары.

Осымен біз Темір қақпадан өттік, енді «Күміс қақпаға» барайық.

1.Көне түркілердің 7-8 ғасырға жататын ежелгі жазбалары қай өзендерден табылды?-   Орхон, Енисей,Селенга.

2.Оңтүстік сібір, Алтай-Саян, Қазақстан жерлерін мекендеген тайпалар?-Ежелгі түрік   тайпалары.

  1. «Қорқыт ата» кітабы мен «Оғызнама » дастаны қай ғасырдан бастап қағаз бетіне түсе бастаған?-ІХ-ХІ ғ бастап.

Міне біз «Алтын қақпаға » да келіп жеттік:

1.Түріктер отбасына шапағатын төгеді деп кімдерге табынған?-Ұмай анаға

2.Қызылорда облысы, Қармақшы аданында орналасқан күмбез?- Қорқыт ата күмбезі

  1. Көне түрік жазуы қай ғасырдан бастап бүкіл халық игілігіне айнала бастады?- VІІІ-ІХғ

ІІІ. Жаңа сабақ

  • Балалар бүгінгі біздің ашық сабағымыздың тақырыбы: «Қарахан мемлекеті» деп аталады.

Қарахан мемлекеті (942-1212) – батыста Амудария мен Сырдария арасындағы Мәуереннахрдан бастап, шығыста Жетісу мен Қашғарға дейінгі жерлерде билік құрған алғаш мұсылман түрік мемлекеті. Қарлұқ, шігіл, яғма және т.б. түрік тайпаларынан құралған. Қарахан сөзінің шығуын шығыстанушы тарихшылар бұл тайпалардың қара деген атақты көп қолдануынан келеді деген болжам айтуда. Қара – сол кездегі түрікшеде ұлылық, биіктік деген ұғымды білдірген.

Қарахан

Ұйғыр              Яғма,Қарлұқ, Жікіл

( Картада Қарахан мемлекетінің суреті көрсетіледі)

Қарахан мемлекеті 840 жылы Ұйғыр мемлекетінің қырғыздардан жеңілуімен Орта Азия далаларында Білге Құл Қадір хан тарапынан құрылған. Х ғасыр басында Сатұқ Боғра хан  мұсылман дінін қабылдағанын жариялайды. Мұсылман болғаннан кейін Әбдулкәрим деген атпен аталады.

Қарахан мемлекетінің ең жақсы дамыған кезі

Сатұқ Боғра хан

Мұса хан

Хасан Боғра хан әулеті                    Әбілхасан Әли Ибн Мұса хан

Әли Ибн Мұса хан әулеті

Ибрахим Ибн Насыр

 

Қарахандық ақсүйектері арасындағы тақ таластардың нәтижесінде 1042 жылы мемлекет Батыс және Шығыс Қарахан мемлекеті болып екіге бөлінеді. ХІІ ғ. екінші жартысында Батыс қағандығының билігі қарақытайлар қолына көшеді. 1210 ж. шығыс Қарахандар әулеті наймандармен соғыста жеңілуімен Қарахан мемлекетінің тарихы аяқталады.

Қарахан кесенесі —    Қазақстанда   11 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша-Махмуд Бұғра Қарахан (Сатұқ Боғра хан) қабірінің басына орнатылған. Күмбезі ғана құлаған кесененің төрт қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы 19 ғасырдың 90-жылдарына шейін сақталған. 1905 жылы оның құлаған бөлігі түгелдей бұзып алынып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салынған. Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкент ишаны Сайд Бакханов қаржыландырған.

Қарахан мемлекетінің мәдениеті

Малшылар мен егіншілік                                                        Қалалар мен қыстақ кенттері артты.

Жаппай отырықшылық етек алды                                           Қалаларда түріктер саны көбейді

Қолөнер дамыды                                                                  Шығыс моншасы көптеп салынды, құрылыс дамыды.

VІ.Сабақты бекіту:  Сөзжұмбақ толтырылады.

V.Үйге тапсырма беру: «Қарахан мемлекеті» туралы реферат жазу, тақырыпты оқу.

Бағалау.

  • Сабақ аяқталды, сау болыңыздар.