Заттың атын білдіретін сөздер. Келіңдер құстар. Жұмбақ

№54 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. Келіңдер құстар. Жұмбақ                              

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың заттың атын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейту.Қ.Ыдырысовтың өлеңімен таныстыру ә) Ойлау, сөйлеу тілдерін дамыту.Сөздік қорларын молайту.б)  Тазалыққа,ұқыптылыққа, әдептілікке , адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: Суреттер Қ.Ыдырысовтың суреті,

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:84-жаттығуды тексеруЗаттың атын білдіретін сөздер туралы сұрау.Жазғытұрым» өлеңін жатқа сұрау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Үлестірмелі карточкалар таратып, тапсырмаларды орындатып, сұрақтарға жауап беріп білімдерін тексеру.

  1. Мақсат қою кезеңі:Біз бүгін Заттың атын білдіретін сөздер туралы түсініктерімізді кеңейту мақсатында жаттығулар орындаймыз.Қ.Ыдырысов туралы мағлұмат алып, өлеңімен танысамыз.
  2. Жаңа сабақ:Кім?Кімдер?Не?Нелер? сұрақтарына жауап жберетін сөздер адамның , жануарлардың және заттардың атын білдіреді.Айсұлу, қоян т.б85-жаттығу Төмендегі сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жаздыру.Не? сұрағына жауап беретін сөздерді табыңдар.Көрікті көктем келді.Қар ери бастады.Жылы жел соқты.

86-жаттығу.Түсініп оқыту.Мамандықты білдіретін сөздерді тауып, оларға сұрақ қойғызу.

Әдеби мәтін тапсырмасымен жұмыс жүргізу .Қ.Ыдырысовтың оқып беру, түсіндіру.Өлеңді мәнерлепоқыту.

Жұмбақ шештіру, жаттату.

VI.Жаңа материалды пысықтау:Сөздік диктантКім?Кімдер?Не?Нелер? сұрақтарыбойынша екі бағанға топтап жаздыру.

VII.Бекіту  кезеңі.«Гүл теру» ойынын ойнату арқылы оқушылардың білімін бекіту.

VIII.Үйге тапсырма, бағалау:Келіңдер құстар өлеңін жаттау.Ережелер жаттау.Оқушыларды бағалау.