Орта ғасырлардағы Қазақстан қалалары. Отырар.

129

 Күні:

Сыныбы:  5

Сабақтың тақырыбы:    Орта ғасырлардағы  Қазақстан қалалары. Отырар.

Сабақтың мақсаты:    а) білімділік

                         Оқушыларға  ортағасырлық Қазақстан қалалары, оның ішінде Отырар қаласының гүлденген уақыты туралы түсіндіре отырып, Отырардың ерлігі туралы толық мағлұмат беру.

ә) дамытушылық

Оқушыларды жаңа сабаққа жан-жақты қатыстыра отырып, логикалық ой-өрісін дамыту.

б) тәрбиелік мәні

Оқушыларға ата-бабаларымыздың Отан үшін қасық қаны қалғанша шайқасқанын айта отырып, елсүйгіштікке, Отынсүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі:  Интерактивті тақта, буклеттер.

Сабақтың әдісі:  Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап.

Пән аралық байланыс:  Қазақ тілі, орыс тілі, математика, ағылшын тілі.

Сабақтың барысы:          І. Ұймдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

ә) Түгелдеу

б) Сабаққа назар аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

а)  Әл-Фараби туралы оқып келген деректері бойынша жауабын тыңдау.

ә) Үй тапсырмасын «Жұлдызды сәт» ойын әдісімен сұраймын.

б) Қашан? Қайда? Қандай? Ойын әдісі арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.

 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

а) «Алғаш рет» ойынын пайдаланамын.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

а) «Терме диктант» әдісін пайдланып бекіту.

ә) «Күн диаграммасы»  арқылы Отырардан шыққан тұлғаларды жазу.

 

 

  1. Үйге тапсырма беру.

VІ. Оқушыларды бағалу.

 ІІ. а) «Жұлдызды сәт»  ойыны сұрақтар.

  1. Әл-Фараби кім?
  2. Қандай ғылыммен айналысқан?
  3. Әл-Фараби қанша тілді меңгерген?
  4. Әл-Фараби қай елдерде білім алған?
  5. Қазақстандағы Жібек Жолының бойындағы қалаларды атаңдар?
  6. Неліктен біз Әл-Фарабиді екінші ұстаз деп айтамыз?
  7. Әл-Фараби қай қалада дүниеге келді?
  8. Әл-Фарабимен қатар шыққан қандай  ғалымдарды білесің?
  9. Әл-Фарабидің толық аты-жөні кім?
  10. Әл-Фарабидің әкесі кім болған?

 

 

 

 

ә)  Үй тапсырмасын сұраймыз

 

Әл-Фараби

  1. Ойшыл Музыка зерттеушісі
  2. Философ Талант
  3. Математик Ұлы ғалым
  4. Тарихшы Ақын
  5. Физик
  6. Астроном
  7. Сазгер

 

 

 

 

 

 

б)  Қашан? Қандай? Қайда? Ойын әдісі арқылы сызбанұсқа толтырып, үй тапсырмасын бекітемін.

 

870 жылы Отырар ауданында дүниеге келді
ІІ-ХV ғасыр Отырар ауданында білім орталық болған
1931 жылы Әл-Фараби атындағы кітапхана ашылды
1970 жылы Әл-Фарабидің 1100 жылдылығы бүкіл дүние жүзі тойлады
150 жуық Іргелі еңбектері түрлі ғылым салаларымен жазған
950 жылы Шам шаһарында кайтыс болды
Әл-Фараби атындағы Университет 1934 жылы ашылды Алматы қаласында

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ

       Археологиялық зерттеулер VІ-Х   ғасырларда Қазақстан аумағында қала мәдениеті жақсы дамып өркендегенін көрсетеді. Орта ғасырларда Түркістан, Талас, Шу өңірінде қолөнер мен сауда және мәденсеттің шоғырланған орталықтары-қалалар қалыптасты

.

 

 

 

Ортағасырлық Қазақстан қалалары үш бөліктен тұрған.

  1. Цитадель 2. Шахристан 3. Рабаттан тұрған.

Цитадельде – патша сарайы және әкімшілік басқару орындары орналасқан.

Шахристанды – қызметкерлер мекендеді, яғни  кіші билеуші топ өкілдері, түрлі кәсіп иелері мекендеді. Қаланың екі бөлігін сыртынан үлкен дуалдар қоршап жатты.

Рабатта – екінші халық,  қала дуалының сыртында орналасты.

 

 

 

 

Орта ғасырлық қалалар үш бөліктен тұрады

 

 

 

 

 

                    Цитадель         Шахристан           Рабат

 

 

 

 

 

Патша бай көпестер          қызметкерлер             еңбекші халық

Әкімшілік басқару            кәсіп иелері

                                               кіші билеуші топ

Мына бір сызба нұсқаға назар аударайық

Ортағасырлық қаланың атауы Қай ғасыр атауы Қалалардың қазіргі атауы
Испиджаб V ғасыр Сайрам

 

Талас VІІ ғасыр Тараз

 

Шауғар (Яссы) ІV-Х ғасыр Түркістан

 

Баласағұн V ғасыр Шу өзенінің бойында Ақтөбе деген ауыл
Фараб VІ-VІІІ ғасыр Отырар

 

 

Отырар бүіл Шығысқа танымал болған ежелгі қалалардың бірі.

Отырар – алғаш Фараб деп атаған. Арабтың бұл сөзі «парасат»  дегенді білдіреді.

Отырар – VІ –VІІІ ғасырда  Сырдария өзенінің орта тұсындағы ірі мемлекеттің астанасы болды.

Отырар қаласының гүлденіп орта ғасырдағы ірі қала орталығына айналуына оның орналасқан орны үлкен әсер етті. Иран мен Орта Азиядан  Сібірге Монғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Отырарға жан-жақтан көпестер келіп-кетіп жатты. Мұнда медреселер, базарлар, ұстаханалар, тіпті  қонақ үйлер мен мешіттер, монша, сауда дүкендері жұмыс істеген. Мықты дуалмен қоршалған қалаға кіретін бес қақпа болған. Қала билеушілері байлар, ірі саудагерлер  қаланың орталық бөлігінде тұрды. Ал сыртында  қарапайым халық  қоныстанды.  Қала екі  үлкен дуалмен  қоршалған. Біріншісі қаланың  бүкіл аумағын  қоршай салынды. Екінші дуал қаланың ауқатты адамдары тұратын. Отырар қаласы өз заманында небір қырғын шайқасты басынан кешірген.

1218 жылы  Шыңғысхан  басқарған Монғолдың қалың  қолы Қазақстанның Жетісу өңіріне аттынды. Бірнеше қала, мыңдаған халық, мал-мүлік Монғолдардың олжасына айналды. Оңтүстік Қазақстан қалалары  ішіндегі Отырар сол кездегі ең  мықты қалалардың бірі саналды. Оның  билеушісі Қайырхан есімді әскербасы еді. Отырар қаласын басып алуға Монғолдар 1219 жылы 150 мыңға жуық әскерін аттандырады. Отырарлықтар өз қаласын қандары қалғанша қорғап, беріспеді. Қатты қарсылыққа ұшыраймыз деп ойламаған Шыңғысхан ашуланып, қаланың бекініс орнын жермен-жексен етіңдер деген бұйрық береді. Бес ай бойы жауға берілмей шайқасқан Отырарлықтардың  арасынан Қараша атты сатқын шықты. Ол қаланың  дарбазасын  жауға ашып береді. Соның опасыздығынан қаланы 1220 жылы ақпанда монғолдар басып алды. Аңыздарға қарағанда, монғолдар Қайырханның тамағына қорғасын құйып өлтіреді. Қаланы бірнеше  күн бойы тонап, қиратады.

ІV. Жаңа сабақты «Терме диктант» арқылы бекіту.

  1. ІХ-Х ғ.ғ. алғашқы мұсылман бейіттері Отырар оазисінде табылды.
  2. Монғолдардың Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия аумағына басып кіруіне сылтау болған оқиға:  Отырарды Шыңғысханның саудагерлерінің өлтірілуі.
  3. Отырар әміршісі: Қайырхан.
  4. Қайырхан 80 мың әскермен Отырар қаласын Шыңғысханнан 5 ай қорғады.
  5. Ең соңғы жауынгері қалғанша Шыңғыс хан әскеріне қарсылық көрсеткен: Қайырхан.
  6. Әмір-Темір 1405 жылы Қытайға бара жатып  Отырар қаласында  қайтыс болған.
  7. Отырар билеушісі Қайырханның Монғолдардан жеңілуінің негізгі себебі: өз жасақтарының сатқындығы.
  8. Атақты хирург дәрігер М. Әлиевтің туылған жері: Отырар.
  9. Отырар қаласын бес ай бойы оның билеушісі Қайырхан қорғады.
  10. Ортағасырлық қалалар үш бөліктен тұрды. Олар: Цитадель, Шахристан, Рабат.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Шыңғыс хан

 

  ОТЫРАР ШАЙҚАСЫ

 

 

 

Ә) «Күн диаграммасы» арқылы  жаңа сабақты пысықтаймыз.

Отырардан шыққан тұлғалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

б) Оқушыларды  отаншылдыққа,  елсүйгіштікке баули отырып, батырлық, ерлік, отан жайында мақал-мәтел айтқызу.

  1. Батыр туса ел ырысы,

Жаңбыр жауса жер ырысы.

  1. Отан үшін отқа түссең де күймейсің.
  2. 3. Отан от басынан басталады.
  3. 4. Отансыз адам ормансыз бұлбұл.
  4. 5. Ерді намыс өлтіреді,

Қоянды қамыс өлтіреді.

  1. Отан оттан да ыстық.
  2. Ер есімі ел есінде.
  3. Ер ел үшін туады, ел үшін өледі.
  4. Ерлік білектен емес, жүректен.
  5. 10. Жүк ауырын нар көтерер,

Ел ауырын ер көтерер.

  1. Ер жігіт ел үшін өледі.
  2. Батырдың қаһары – еліне қорған.

 

 

 

 

 

 

ІV. Жаңа сабақты бекіту кезінде сын тұрғысынан оқыту методикасының

«Бес жолды өлең» әдісін пайдаланамын.

__________________ (зат есім)

 

____________                  ______________ (сын есім)

 

____________         __________           _____________ (етістік)

 

___________      _________            _________           _________  (сөйлем)

 

                                    (синоним)

 

 

  1. Үйге тапсырма беру.

 

Отырар қаласы жайында реферат жазып келу

 

Орта  ғасырлық Қазақстан қалалары.

 

VІ.  Оқушыларды бағалау.

 

а) үй тапсырмасын сұрау арқылы бағалау.

 

ә) жаңа сабаққа қатысып отырған оқушыларды сұрақ-сауал арқылы бағалау.