Ислам, ғылым және мәдениет

Тақырыбы: Ислам, ғылым және мәдениет

Мақсаты:   1. Оқушыларды әлемдік діндер мен оның ішіндегі ислам дінінің пайда болуы,                       таралуы және осы ілімнің қазіргі қоғамдағы рөлімен таныстыру, ғылым және мәдениеттің дамуын түсіндіру.

  1. Діннің түпкі мақсаты адамзатты билікке, мәдениеттілікке, өркениеттілікке, имандылыққа шақыру екендігін әңгімелей отырып таныстыру.
  2. Оқушылардың бойында гуманистік дүниетаным негіздерін, рухани- адамгершілік құндылықтардың, жеке сенімнің жүйесін және белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

              Сабақтың әдісі: Аралас, тірек сызба, сұрақ- жауап, сөзжұмбақ,

Көрнекілігі : инт. Тақта , өзін-өзі бағалау парағы.

ПАБ: Қазақстан тарихы,  Дүниежүзі тарихы, Математика , Ағылшын, Орыс тілі.

                             Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру

              

  1. II. Үй тапсырмасын сұрау?

Шариғат.

Негізгі ұғымдарға түсінік беру:

  1. Дін туралы арнайы ғылымды қалай атаймыз? (Дінтану)
  2. Конфессиялық ілім ( көне грек тілінде konfessio — мойындау, ғибадат қылу)
  3. Теология (көне гр. Тілде teos –халық,logos – ілім- құдай тану пәні)
  4. Атеизм – (көне гр.т. AOEG – құдайор және оның құдіретін жоққа шығару)
  5. Манотеизм –( «бірқұдайлық», гр. т. « movog»- бір және «OEOG» — құдай.)
  6. Политеизм («көпқұдайлық» гр.т. – көп және      — құдай)
  7. Шариғат – ( араб т. – тура жол )

Үй тапсырмасының қабылдануын тексеру. Тірек –сызба арқылы

ІІІ. Жаңа сабақты қабылдауға даярлық, мақсат қою

(Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау)

Сұрақтар:

  1. VI-VII ғ-да қалыптасқан «Синто» (құдайлар жолы) термині орта ғасырларда пайда болды, ол қандай ілім?
  1. Грек тілінен аударғанда миссия ( машиах), құтқарушы деп аударылған сөз

 

3.Конфуцийдың «Ұлы ұғынуы кітабы» 75 қатардан тұрады, оған 1546 түсіндірме жасаған. Мақсаты — императордың билігін заңдастыру еді. Сұрақ: оның ұстаған жолының бірі.

  1. Б.з.б. IV-III ғғ. еж. Қытайда, құпиясы аңызға айналған сары император Хуан- дидің ашқан ілімі.
  2.  Б.з.б. 1 мың жылдық ортасында  Үндістанда пайда болған ең ежелгі дін

Шешуі: 1. Синтоизм. 2. Христос. 3. Әділеттік .  4. Даосизм.  5. Буддизм.

 

Сөзжұмбақ: Ислам

                                         Ғылым және мәдениет.

  1. Жаңа тақырып меңгерту.Тірек-сызба арқылы

Дәптермен жұмыс:

 

  1. Кестені толтыр:

 

Ғасырлар Ғылым Мәдениет

 

Тақтамен жұмыс:  Сөздерді үш тілге аудару.

 

Ғылым,  — наука — science

мәдениет – культура- culture

 білім – знание — education

тарих – история — history

медицина – медицина — medication

 батыс – запад- west

 

Ауызша есеп:                                   

   Мұхаммед пайғамбар бұдан 1348 жыл бұрын Меккеден Мәдинеге қоныс аударған. Сонда пайғамбар қай жылы қоныс аударған?

 

      Есеп:  2012 – 1348 =   664   ж.      Жауабы:  664  жылы Мәдинеге қоныс аударған.

 

 

Дүние жүзі діндерінің пайда болған уақытын рим цифрымен белгілеп, кестеге түсір.

 

р/сДінПайда болған уақыты
1Будда 
2Христиан 
3Ислам 

 

               Жауабы: а) 1 – б.з.б. VI- V ғ.

2 – 2 мың жыл бұрын

3 – VII ғасырда

Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс:

ІІІ. Төмендегі жылдардың қай ғасырға жататынын анықта:

 

1812 ж  —  ……….. ғ.         799 ж  — ………. ғ.      1221 ж. —  ………. ғ.

312 ж.  — ……….. ғ.       1111 ж. — ………. ғ.            4 ж.  —  ……… ғ.

1941 ж.  — ……….. ғ.       1761 ж. — ………. ғ.        605 ж.  —  ……… ғ.

2003 ж.  — ……….. ғ.       1672 ж  — ………. ғ.        968 ж   —  ……… ғ.

 

Мысалы:      1791 ж.  –  XVIII ғ. аяғы.

І.Ғасырды рим сандары түрінде жаз:

 

1-ғасыр –  ……….                        6-ғасыр —  ………….

2-ғасыр —  ………..                        7-ғасыр —  ………….

3-ғасыр —  ………..                        8-ғасыр —  ………….

4-ғасыр —  ………..                        9-ғасыр —  ………….

5-ғасыр —  ………..                      10-ғасыр —  ………….

 

  1. Сабақты бекіту: 5 минут.
  2. Мұхаммед Пайғамбардың бір хадисінде ғылым жайлы айтылған сөзі. Кестедегі әріптерден құрастыру.

« Ғылым үйрену- әрбір мұсылман ер кісіге де , мұсылман әйелге де парыз »

  1. Бағалау
  2. Үйге тапсырма §11.6