Заттың атын білдіретін сөздер. Сауысқан мен көкек. Жұмбақ.

№55 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. Сауысқан мен көкек. Жұмбақ.                               

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың заттың атын білдіретін сөздер туралы

түсініктерін кеңейту.мақсатында жаттығулар орындату. Ертегімен таныстыру.Жұмбақ шеше білуге үйрету. ә) Оқу жылдамдықтарын арттыру.Сөйлеу тілдерін дамыту,   сөздік қорларын молайту  б) Достыққа, көмек көресте білуге, қамқорлыққа, әдемі жазуға  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: сауысқан мен көкектің  суреті, кесте.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:1.«Келіңдер құстар» өлеңін жатқа сұрау.2.Ережелерді қайталап өту.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Өткен тақырыптар бойынша шағын толықтыру кестесін алу.Мыс: сөйлемдегі нүктелердің орнына қандай заттың атын білдіретінін сөз қоюға болады?

  1. Мақсат қою кезеңі:-Біз бүгін сендермен «Ертегі» деген жаңа ұғыммен танысып, «Сауысқан мен көкек» ертегісін оқимыз.Заттың атын білдіретін сөздер тақырыбы бойынша жаттығу жұмыстарын орындаймыз.
  2. Жаңа сабақ: Заттың атын білдіретін сөздер туралы түсініктерін еске түсіре жаттығулар орындау87-жаттығу. Сөйлемдерді оқыту.Осы сөйлемдердің ішінен кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазғызу. Айжан, Мұрат, Серік, Мақсұт.

Әдеби мәтін тақырыбы бойынша бізге «Сауысқан мен көкек» ертегісі беріліпті.

Ертегі дегеніміз адамдардың ой-қиялынан туған шығарма.Ертегінің түрлері өте көп.Солардың ішінен бүгін біз құстар туралы ертегімен таныс боламыз.Сауысқан мен көкектің суретін көрсетіп, таныстырамын. Ертегіні мәнерлеп оқып бер, мазмұнын әңгімелеп беру.Ертегіні кезекпен оқыту.Түсінгендерін тексеру. Сауысқанның көкекке ұя салуға ұсыныс жасау себебі не? Көкектің қандай ойы болды? Сауысқан  ұяны  қалай салды? Көкек қандай құс екен. Сауысқанның ұя салу әдісін ертегіден тауып оқыту. Ал енді балалар, мына жұмбақтағы сөздер осы құстардың қайсысына ұқсайды екен? (жұмбақты оқыту) Яғни бұл жұмбақтың шешуі не к\екен? Көкек

VI.Жаңа материалды пысықтау: Ертегі дегеніміз не? — Біз қандай ертегімен таныстық? Ертегіден біз не үйрендік?

VII.Бекіту  кезеңі: «Кім жылдам» ойынын ойнату арқылы оқушылардың білімін бекіту.

VIII.Үйге тапсырма, бағалау:  88-жаттығу  Ертегіні оқу.