Голощекин геноциді және қазақ ауылының қасіреті

155

Голощекин геноциді және қазақ ауылының қасіреті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстанда Кеңес өкіметінің ұжымдастыру жылдарында жүргізген зұлмат саясатының салдары, голощекиндік «кіші қазан». Геноцид саясатының мән-мағынасы, барысы туралы.

Дамытушылық: Кеңес өкіметінің ұжымдастыру жылдарында жүргізген зұлмат саясатыынң салдарын анықтайды, голощекиндік «Кіші қазан» курсының мән-мағынасын ашады, геноцид саясатының салдарын талдайды, талқылап, ой-пікір айтады, қорытынды шығарып, тұжырым жасайды.

Тәрбиелік: Голощекиннің асыра сілтеуі қазақ ауылын білмейтін кейбір қайраткерлер мен қазақ зиялыларының іс-әрекеті негізінде оқушыны ұлттық патриоттық тәрбиеге баулу.

Тірек-ұғымдар: «Кіші қазан», тап күресі, бай, кулак, ауылды кеңестендіру, ұжымдастыру, ашаршылық.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты игеру.

Сабақтың жабдықталуы: Карта, электрондық оқулық, ватман, фламастер.

Сабақ әдіс-тәсілі: Миға шабуыл, СТО, сұрақ-жауап, болжам, ой-пікірлерін айту, жауапты негіздеу, топтық.

Сабақ барысы:    

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Топқа бөлу(фигуралар арқылы үш топқа бөлінеді).  Топ бір-бірін таныстырады. Психологиялық треннинг «Амандасу». Топтың атын құрастырады.

ІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

1.1925-1933 жылдары Қазақстанды кім басқарды?

  1. Голощекиннің Қазақстанда жүргізген саясаты.

3.Ұжымдастыру бағыты қашан жарияланды?

4.Оның салдары қандай?

  1. «Геноцид» дегеніміз не? Ендеше, біздің бүгінгі сабақтың тақырыбы: Голощекин геноциді және қазақ ауылының қасіреті.

Сабақта қандай мақсат қоямыз? Оқушылар сабақ мақсатын анықтайды.

1.Мағынаны ажырату. Әр топқа тақырып беріледі. Топта оқып, талқылап ватманға тірек-сызба жасайды.

1-топ. Ұжымдастыруға дейінгі қазақ ауылы, күштеп ұжымдастыру.

2-топ. Асыра сілтеушілік зардаптары.

3-топ. Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқушыларға алдын-ала берілген тақырыптар бойынша оқушылардың қосымша дайындаған ақпараттарын ұсыну.

1.Сандар мен цифрлар сөйлейді.

2.Аштықты өз көзімен көргендер атынан сөйлеу.

3.Ұжымдастыру барысы туралы

4.Адам құқығының бұзылу фактісін анықтап, сараптама жүргізу.

  1. Ұжымдастыруды сендер қалай жүргізуші едіңдер? Пікірлеріңді айтып, ойларынды негізде.

Мұғалім сөзі: Қазақтардың көшуі, елге оралуы, ұлттық қауіпсіздік.

ІV.Пысықтау.

1.Тірек –сөздерге анықтама:

Ұжымдастыру-

«Кіші қазан»-

Орташа шаруа-

Тап күресі-

«бай», «кулак»-

Тәркілеу-

2.Тест

  1. Ұжымдастыру бағыты қай съезде жарияланды?

А)   XII съезде  ә) XV съезде  б) XVI  съезде

  1. Ұжымдастыруды аяқтау мерзімі белгіленді?

А) 1932 ж. көктемде  ә) 1932 ж. күзде  б) 1932 ж. Жазында

  1. Қазақстанда күштеп ұжымдастыру жылдарында болған көтерілістер мен жаппай толқулар саны:

А)217   ә)372  б)392

  1. Шаруашылықта ұжымдастыру 1931 ж. қаншаға жетті?

А) 70%  ә) 55%    б) 65 %

  1. «Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшулер саны артуда» -деп жазған кім?

А) Голощекин  ә)  Рысқұлов  б) Дулатов

  1. Ауыл шаруашылығында ұжымдастыруда негізгі ұстанымдар?

А) егіншілік пен дербестік  ә) материалдық мүдделікпен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезең-кезеңмен өтуі   б) екеуі де

  1. 1933 ж. малдың саны қанша?

А) 40,5 млн.    ә) 4,5  млн.  б)  3,5  млн.

  1. Аштық пен түрлі індеттерден халықтың қанша пайызы қырылды?

А) 40   ә)  50   б)  30

  1. Аштық апаты мен себебі туралы Голощекинге хат жазды?

А) Мүсірепов, Қуанышев ә)  Сейфуллин, Жансүгіров  б) Майлин, Жангелдин

  1. Қорытынды. Insеrt әдісі бойынша оқушылардан жеке сұрап шығамын.

Нені білемін.          Нені білдім.       Нені білгім келеді?

VІ.Үйге тапсырма.

5 тест тапсырмасын құрап келу.