Оқушылардың ғылыми жұмысын рәсімдеу

Оқушылардың ғылыми жұмысын рәсімдеу

Біз, ұстаздар қауымы, ел ертеңі- жас ұрпақты ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет.

Ғылыми жарыстар «Қазақстан-2030» стратегиясы аясында республиканың экономикалық және мәдени-әлеуметтік даму жобасы» тақырыбында өтеді.

Негізгі мақсаты мен міндеттері:оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру;Қазақстан Республикасының интеллектуалды әлеуетiн қалыптастыруға үлес қосу.

Ғылыми жарыстардың ережесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 13 наурызындағы № 99 бұйрығымен бекітілген. Осы ережелерге сәйкес ғылыми жарыстар 4 кезеңде өтедi:

1)бiрiншi кезең – мектептiк;

2)    екiншi кезең- облыстық (Алматы және Астана қалаларының мектептерi мен республикалық мектептер жарыстары мәртебесi жағынан облыстық жарыстармен теңестiрiледi);

3)    үшiншi кезең — iрiктеу кезеңi 2 турда өтедi:

1       тур    —        бейiндiк пәндер бойынша тестiлеу,

2       тур    —        жобаларды алдын ала сараптау.

4)    төртiншi (қорытынды) кезең — республикалық.

Ғылыми жарыстарға өз жобаларын 8-11 сынып оқушылары ұсына алады. Жұмыстар командалық болуы мүмкін. Командалық жобаны екі оқушының орындауы мүмкін.

Ғылыми жарыстардың қорытындысы бойынша ҚР БҒМ I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталған жеңімпаздар мен жүлдегерлер жарыстың бағытына сәйкес мамандықтар бойынша республикамыздың жоғары оқу орындарында оқу үшін білім беру гранттарын тағайындауға конкурс өткізу кезінде басым құқыққа ие болады..

Ғылыми жобаны дайындау барысында мұғалім- баланың жұмысына бағыт- бағдар беруші, ал оқушы- мұғалімнің ойын әрі қарй жалғастырып, өзіндік талдау жасаушы, зерттеу жүргізуші жеке тұлға.

Ғылыми жұмысты жазуда ең әуелі тақырып   таңдау керек.Тақырыпта қысқа формада құрылған, нақты бір мәселелерді шешу әдістері болады.Өз тәжірибемде байқағаным, оқушыны тақырыпты қалай ашам деген сұрақ мазалайды. Бала өзінің айтқысы келген ойларын қағазға түсіріп, сұрақтар дайындайды. Соңғы 3-5 жыл ішіндегі әдебиеттермен жұмыс жасап, жаңалық ашуға, өзіндік ой түюге жұмыстанады. Кез келген  адам басында біреуге еліктейді., оқиды, салыстырады. Кейін  өз жұмысына терең мән  беріп, шынайы бағалауға талпынады.

Жұмысты жазу барысында баланың ғылымға деген құштарлығын арттыру үшін, тақырыпты таңдаған күннен бастап күнделік бастату керек Күнделік- баланың жан қиналысының, ізденісінің, керекті материалды тапқан  кездегі қуанышы, жарыққа шыққан шынайы ой- пікірінің айнасы.Онда оқушының істеген жұмыстары кезең-кезеңімен сипатталады. Ғылыми жетекші күнделіктің мазмұнымен танысу керек және оның әр бетіне қолын қою керек.

Әрбір ғылыми жетекші зерттеу жұмыстарын рәсімдеуге қойылатын талаптарды білуі керек. Олар мыналар:

Жұмыс мәтіні компьютерде басылып ,мынадай құрылымнан тұруы тиіс:

титул парағы;мазмұны;абстракт (аннотация) қазақ немесе орыс тілдерінде (зерттеу жұмысының қай тілде дайындалғанына байланысты), сондай-ақ ағылшан тілінде жазылады);кіріспе;зерттеу бөлімі;қорытынды;пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

Титул парағында мыналар көрсетіледі;

жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебі;

автордың (біріккен автордың) тегі, аты, сыныбы;

жұмыстың атауы;жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты;қаласы (жарыстың өтетін жері), жылы;

  1. Абстракт (аннотация) (250 сөзден артық емес) қамтылған жұмыстан қысқаша мазмұнын көрсетуі тиіс:

Зерттеудің мақсаты;Гипотезалары;Кезеңдері, зерттеудің реті;Тәжірибенің әдістемесі;Зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі;Жұмыстың нәтижесі және қорытындысы;Нәтижелерді практикада қолдану салалары;

  1. Кіріспеде (екі беттен артық емес) мыналар келтіріледі: таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (міндеті): қойылған міндеттерді  шешу әдісі қысқаша көрсетіледі;
  2. Жұмыстың зерттеу бөлімі (20 беттен артық емес) жеке тараулардан (параграфтардан) тұруы және мыналарды қамтуы мүмкін:

Осы жұмысты жүргізудің қажеттілігіне көз жеткізуге және оның мақсатын (міндетін) құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау;

Қойылған міндеттерді шешу әдістерін сипаттау;

Жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау;

Суретті материалдар (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер);

  1. Пайдаланылған әдебиеттерге ( зерттеу еңбектері, мақалалар, рецензиялар) сілтемені төртбұрышты жақшада беру керек. Мәтінде кездесетін сілтемелерде нөмірлеу жүйесі болуы керек;
  2. Қорытынды (бір беттен артық емес) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қамтиды;
  3. Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен мынадай тәртіпте беріледі:

Автордың тегі және қысқартылған аты жөні;

Мақаланың және журналдың аты (журналдағы мақалалар үшін);

Журналдың, кітаптың аты;

Басып шығарылған орны және баспасы (кітаптар үшін);

Басылған жылы, шығу нөмірі, беті;

Ғылыми жобаға келесі құжаттамалар қоса тіркеледі.:

-аннотация- қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде;

-ғылыми жетекшінің жұмыс туралы пікірі, оның қолымен расталады.;

— оқушының жұмысына тиісті пән бойынша жоғары оқу орны маманының рецензиясы, оның қолымен және оқу орнының мөрімен (облыстық турда  расталады).

Төртінші кезеңге (баяндамаға) 135х125 шаршы сантиметр көлеміндегі стендке орналастыру үшін демонстрациялық материалдарды жасау ұсынылады.

Стендті рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  1. Стендтің жоғары жағына көлдеңенінен абстрактын, қатысушының атын, жасын, мектебінің, қаласының облысының атын орналастыру қажет;
  2. Стендтегі материалда нөмірленген кестелер, фотосуреттер, суреттер, диаграммалар енгізіліп, жұмыстың мазмұны, қорытындылары көрсетіліп, талғаммен ресімделуі тиіс;
  3. Мазмұнды дайындау кезінде негізінен назарды жоба авторының алған нәтижелерін көрсетуге аудару қажет.

    Басылымға жіберілетін тезисті жазуға қойылатын талаптар:

Баяндама тезисінің мәтіні электронды түрде тапсырылады. Текст  Times New Roman  шрифтімен ( жоларалық интервал — 1, кегаль-14, сол жағы- 20 мм, оң жағы-20 мм, жоғарғы және төменгі шегі-20 мм).Жоғарыдан ортасынан БАС ӘРІПТЕРМЕН ( толық шрифтімен) баяндама атауы, 1 см төмен түсіп ортасынан автордың тегі, аты, қаласы/ ауданы/ ауылы, мектеп ( ЖОО, колледж) сынып ( курс, топ), ғылыми жетекшісінің тегі және инициалы, тағы 1 см төмен түсіп- тезис мәтіні, мәтіннен кейін әдебиеттер тізімі мәтінде көрсетіліп белгіленеді( тек 3 атауға дейін). Мәтін редакцияланбайды және түпнұсқа болып табылады. Конференцияның материалдар жинағы тікелей көшірме әдісімен теріледі.

Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» бағдарламасында: «… біздің жас мемлекетіміз өсіп- жетіліп кемелденеді. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді, олар өз заманының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болмақ…»,- делінген.  XXI ғасыр – ғаламдық жаһандану жағдайында қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты-білімді, бәсекелестік қабілеті бар, Қазақстанның өсіп, өркендеуіне өз үлесін қоса алатын дарынды жеке тұлғаны қалыптастыру. Ендеше, ғылым жолында талай шәкірт еліміздің мәртебесін асқақтатады деген сенімдемін.