Ежелгі адамдардың іс-әрекеттері, еңбек құралдары, тасты өңдеу, аңшылық, терімшілік

100

Бутакулова Гулназ тарих пәні мұғалімі Жаңақорған

Сыныбы: 6                            Пәні: Қазақстан тарихы              Күні: 13.09.2013ж.

1.Сабақтың тақырыбы:  Ежелгі адамдардың іс-әрекеттері, еңбек құралдары, тасты өңдеу, аңшылық, терімшілік

2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі:

  Қазақстанда алғашқы адамдардың іс-әрекеттері, еңбек құралдары, тасты өңдеу, аңшылық пен терімшілік туралы білу

3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі:  сиқырлы қалам, жигсо әдістері

 4.Сабақтың нәтижесі:

Білу:  Қазақстанда алғашқы адамдардың іс-әрекеттері, еңбек құралдары, тасты өңдеу, аңшылық пен терімшілік туралы біледі

Түсіну: адамның өміріндегі еңбектің маңызын түсінеді (көпшілігі)

Қолдану: қазіргі шаруашылық пен ежелгі адамдардың іс-әрекетін салыстыра алады

5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: стикерлер арқылы бағалау

6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: мақсаттардың

орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.

7.Ресурстар мен жабдықтар: PowerPoint, АКТ, постерлер, маркерлер, т.б.

Сабақтың барысы

Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті Ресурстар
3 мин Оқушыларды сабақтың, тақырыбымен,  мақсатымен таныстыру, сергіту сәті Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысады, сергіту сәтін жасайды Презентация

1-слайд, сергіту сәті

10 мин Үй тапсырмасын пысықтау үшін «сиқырлы қалам» жүгіртеді:

1.алғашқы адамдар Қазақстанның қай бөлігінде өмір сүрген?

2.Адамдар тобыры деген не?

3.Алғашқы адамдар қоғамдық ұйымдарға бірікті ме? Неліктен?

Сұрақтарға жауап береді

 

2-слайд
10 мин Оқушыларға  тақырып бойынша мәтінмен жұмыс бөлініп беріледі  Топ ішінде оқушылар оқулықтан ақпарат іздеп, жұмыс жасайды Постер, маркерлер
15 мин Тақырып бойынша өз жұмыстарын қорғауға мүмкіндік береді Өз жұмыстарын қорғайды Интерактивті тақта
5 мин Бағалау Стикерлер арқылы бағалайды  
2 мин Үйге тапсырма беру:

§3