Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы:  §54. Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы./2 сағат/

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: оқушыларға XX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуы жайында мағлұмат беру, ғылыми-техниқалық прогрестің Қазақстан шаруашылығына тигізген әсерін анықтауға жағдай жасау. Қазақстанның ғылым, мәдениет және өнер саласындағы жетістіктерін анықтау.
  • Дамытушылық: тақырыптағы өзекті мәселелерге назар аударта отырып, нақты мәліметтерді ажырата білу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау, шығармашылық әрекеттерін дамытуға көмектесу.
  • Тәрбиелік: ғылымның жетістіктері мен озық мәдени үлгілерді оқыта отырып, білімділікке, азаматтыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды үлгі түта білуге үйрету.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

 Көрнекілік: Қ. Сәтбаев, Ш. Айманов суреттері, Қазақстан картасы.

Сабақтық барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үй тапсырмасын сұрау.

Ұйымдастыру кезеңін өткізіп болған соң   үй тапсырмасын сұрауға кірісемін. Алдымен оқушыларға өткен сабақты естеріне түсірулерін тапсырамын.

Өткен тақырыпқа байланысты   төмендегідей сұрақтарды қоямын.

  1. Адам баласының ғарышты игеруінің маңызын айт.
  2. О. Сүлейменовтың «Адамға табын, жер енді!» өлеңінің мағынасы.
  3. Қазақстанның ғарышты игерудегі орны қандай болады деп ойлайсың?
  4. Байқоңыр ғарыш айлағының Қазақстан үшін маңызын көрсет.

Оқушылар   өткен тақырыптан түсінгендері бойынша сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың жауабын тыңдаған соң   қысқаша өткен сабақты қорытындылап шығамын.

III. Жаңа сабақ.

Бүгінгі өткелі отырған сабақтың басты мақсатымен оқушыларды таныстырып өтемін. Сабақтың тақырыбы, жоспары алдын ала тақтаға жазылады.

Жаңа тақырыпты окыту жоспары:

  1. Қаныш Сәтбаев — ғұлама ғалым, академик.
  2. Қазақстан ғылымы.
  3. Қазақстан мәдениеті мен әдебиеті.

Жаңа сабақты оқытуда  негізінен топтық жүйені пайдаланамын. Оқушыларды төрт топқа бөліп, алдарына бір-бір Қазақстан Республикасының шағын картасын, сонымен қатар бүгінгі сабаққа қатысты тарихи тұлғалардың (ғалымдар мен жазушылар, мәдени қайраткерлер) портреттерін үлестіремін.

Ортақ сұрақ қоямын.

Қаныш Сәтбаев кім?

Мәтінді оқи отыра балалар сұраққа жауап жазады. Тәрт топтан бір оқушыдан шығып ортақ жауаптарын оқиды. Мен ұпаймен бағалап отырамын.

Бұдан әрі   Қ. Сәтбаев туралы қысқаша түсінік беріп өтемін.

  • Балалық шағы, өскен ортасы.
  • Ғылым жолындағы жаңалықтары.
  • Академик.

Келесі мәтінді де оқып шығып, топпен ақылдасып ой қорытуға бағыт беремін.

Әр топқа ірі ғылыми жетістіктер жайлы шағын әңгіме жазуға тапсырма беремін. Бес минуттай уақытта төрт топ шағын әңгіме жазып шығуы керек.  Мазмұнына қарай ұпаймен бағалаймын.

Бұдан кейін  келесі тақырыпшаларды түсіндіремін.

Түсіндіру бағыты

ҒылымМәдениетӘдебиет
Тарихи ескерткіштердіңӘн-күй, театр, байқауларЖаңа әдеби ағымдар, жас
жаңаруы, озық технология,мен фестивальдар, мерейтойақын-жазушылар, Ілияс
ғылыми энциклопедия, ғылыми конференция.(Абай, Жамбыл, Қаныш және Түркістан қаласыныңЕсенберлин.
 1500 жылдығы), Қазақ
 киносының дамуы.

Ш. Айманов.

 

Үш топқа ғылым, мәдениет, әдебиет тақырыптарын таратып, арнайы тапсырма беріледі.

Тапсырма:

Топпен ақылдаса отырып басты ерекшеліктерді, жаңалықтарды жазып, ортақ қорытынды шығарамын. Ең соңында   ұпай мен бағасын беремін.

         Қорытынды кезең

Сабақты қорытындылау мақсатында  әр топқа карточқалық сұрақтар беремін.

  1. Ғылыми жетістік деп нені айтады?
  2. Қазақстанда ғылымның дамуы қандай дәрежеде болды?
  3. Мәдениет пен өнердің дамуына баға бер. Өткен тақырыпқа шолу жасай отырып сабақты қорытындылаймын.

Бағалау:

Үй тпапсырмасы.

  1. 54-параграфты оқу.

 

 

Төртінші бөлімді қайталау үийн сұрақтар мен тапсырмалар.

  1. Қос үкімет қашан құрылды, ол кімдердің үкіметі болды? Кеңес үкіметі Қазақстанда қалай орнады?
  2. «Алаш» қозғалысының басшылары кімдер және олардың мақсаты не болды?
  3. Түрксіб темір жол құрылысы қалай салынды?
  4. Қазақстанда жаппай міндетті бастауыш білім қашан енгізілді және ол қалай жүргізілді?
  5. Ұлы Отан соғысы қашан, қалай басталды? Ұлы Отан соғысы жылдары бірнеше мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған қандай батырларды білесіңдер?
  6. Ленинград пен Мәскеу үшін шайқаста ерлікпен шайқасқан батырлардың ерлігі туралы айтып беріңдер.
  7. Тыл жұмыскерлерінің Ұлы Жеңіске қосқан үлесі қандай?

8.Тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы неліктен қабылдаиды? Оның қандай жағымды және жағымсыз жақтары болды?

  1. «Ғарышты игеру» тақырыбы бойынша есте қалғандарын әңгімелеп айтып беріңдер.