Сабақтың тақырыбы: КСРО – ның құлауы

 Сабақтың  тақырыбы:  КСРО – ның  құлауы

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезде оның қоғамдық – саяси, әлеуметтік өмірінде болған түбегейлі өзгерістерді берік меңгерту.

ә) дамытушылық: Тарихи оқиғаларды, саяси өмірдегі өзгерістерді дұрыс талдап, тұжырымдай білуге үйрету және жүйелі ойлау қабілеттерін жетілдіру.

б) тәрбиелік: Оқушылардың өз жерін, елін сүюге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топпен жұмыс

Пән аралық байланыс: құқық негіздері

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының саяси картасы, сызбалар, сөзжұмбақ

«Диаспора», слайдтар

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1-2  мин

а) оқушылармен сәлемдесу;

б) оқушыларды түгелдеу;

в) оқушылардың сабаққа назарын аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 8 мин

Жоғарғы 10: Диаспора ұғымының мағынасы қандай? (грекше «шашыранды» өз отанынан

басқа елде өмір сүріп жатқандар туралы ұығым береді)

Төменгі 10: Демография дегеніміз не? (халықтың санын, құрылымын, өсін зерттейтін

ғылым)

Жоғарғы 20: Ирредента ұғымы нені білдіреді? (өз тарихи отанында өмір сүріп жатқан,

бірақ белгілі бір саяси жағдайға байланысты өзге мемлекет құрамында қалып қойған жердегі адамдар)

Төменгі 20: Оралман дегеніміз кімдер? (шетелдерден өз еліне оралған адамдар)

Жоғарғы 30: Дүниежүзі қазақтарының І құрылтайы қашан болды? (1992 жылы

30 қыркүйек, Алматы)

Төменгі 30: Шетелдердегі қазақ диаспорасының жалпы саны? ( 5 млн – нан астам адам)

«Диаспора» сөзжұмбағын шешу арқылы үй тапсырмасын қорытындылау:

2-3 мин

Өзге мемлекет құрамына қосылған бұрынғы қазақ жерінде өмір сүретіндерді қалай атайды? (иррендента)

Халықтың белгілі бір топтарының басқа елдерге қоныс аударуы қалай аталады? (миграция)

Дүниежүзі қазақтарының І құрылтайы қай қалада өтті? (Алматы)

Дүниежүзі қазақтарының ІІІ құрылтайы қай жерде өтті? (Астана)

Еуразия материгінде орналасқан теңіз? (Каспи)

Халықтың санын, құрылымын, өсін зерттейтін ғылым? (демография)

Диаспора грекше қандай мағына береді? (шашыранды)

Біздің отанымыз? (Қазақстан)

 ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: 20 мин

             Өткен ғасырдың 80 – жылдардың  соңына қарай Кеңес елінде қоғамдық – саяси, әлеуметтік – экономикалық, мәдени дамудың барлық салаларының тоқырауға ұшырағаны белгілі. Бұл мәселе төнірегінде КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессияларында, КСРО Халық депутаттарының съездерінде, одақтас республикалардың Жоғарғы Кеңестері  сессияларында қызу пікір таластар болып, алуан түрлі ұсыныстар айтыла бастады. Осыған байланысты Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылғы 25 қазандағы Қаулысымен «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Мәлімдеме» қабылдады. Бұл құжат Қазақстанның тәуелсіздікке қарай қадам басқан алғашқы басқышы болатын. Бұл күн Қазақстан тарихында – Республика деген атпен енді.

1991 жылғы тамыз айындағы оқиғалардан кейін, 8 желтоқсанда Минск қаласында Беларусия, РКФСР, Украина басшылары 1922 жылы құрылған Одақтық мемлекеттің ыдырағанын және осы үш республиканың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) бірігетіндігі туралы хаттамаға қол қойылды (1991 жылғы 21 желтоқсанда қалған он бір республика басшылары оған қосылу туралы Алматы Мәлімдемесін қабылдады).

 

ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда «ҚР-ның Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылдады. Бұл күн біздің еліміздің тарихында – Тәуелсіз күні болып енді.

Қазақстанның Тәуелсіз республика болып  өмір сүре бастаған уақыттан бері бұрынғы әлеуметтік – экономикалық жүйенің, тоталитаризмнің орнына, мүлде басқа, түбірінен өзгеше, демократияға бағыт алған жаңа қоғамдық жүйесі қалыптасты.

Тәуелсіз Қазақстан саяси жүйесі

            Қазақстан Республикасы Президент басқаратын унитарлы мемлекет. Мемлекеттік өкіметтің бірден -бір көзі  – халық. Халық өз билігін республикалық референдум  мен еркін сайлау арқылы жүзеге асырады. Конституция берген өкілдік шеңберінде мемлекет атынан халықпен Президент сөйлейді.

Президент.ҚР-ның Президенті мемлекет басшысы және ең жоғарғы лауазымды иесі. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды.1998 жылы Конституцияға енгізілген өзгерістерге байланысты Президент   7 жылға сайланатын болды. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері 5 рет: 1991 жылы, 1995 жылы, 1999 жылы, 2005 (4 желтоқсан), және 2011 (3 сәуір) жылдары Қазақстан Республикасының Президент сайлауы болды.

Конституция қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігімен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің Ата Заңы. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз ҚР-ның Ата Заңы – Конституциясы қабылданды.

ҚР-ның қазіргі Конституциясы – Ата Заңы 1995 жылы 30 тамызда республикалық бүкіл халықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан демократиялық, құқықтық және зайырлы қоғам құруға ұмтылып отырған мемлекет ретінде жарияланды.

Парламент. Республика парламенті республиканың жоғарғы өкімет орны. Оның негізгі функциясы – Заң қабылдау. 1995 жылғы Конституция бойынша елімізде Заң шығарушы орган – екі палаталы Парламент жұмыс істейді. Жоғарғы палата – Сенат. Төменгі палата – Мәжіліс.

Үкімет. Қазақстан Республикасының орындаушылық билігін жүзеге асырады, атқарушы органдарға басшылық етеді және олардың қызметін бақылайды. Үкіметті Президент құрады, ол Президент алдында жауапты және оған есеп береді. Премьер – министрді парламентпен келісе отырып Президент тағайындайды. Премьер – министрдің ұсынысын ескере отырып Президент Үкіметтің құрылымын анықтайды, оның мүшелерін тағайындайды және босатады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                                            ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ                                                                       МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ

авторы – суретші Ш.Ниязбеков                                              авторлары – Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов

 

ҚР-ның мемлекеттік нышандары. Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Кеңестің сессиясы республиканың жаңа Мемлекеттік туы мен Елтаңбасы бекітті. Сол жылғы желтоқсанда республика Гимнінің жаңа мәтіні қабылданды. 2006 жылы 7 қаңтарда «ҚР-ның мемлекеттік рәміздері туралы» Жарлығына толықтырулар мен өзгертулер енгізілген Конституциялық Заңына Елбасы қол қойды. Сол бойынша ҚР Мемлекеттік гимннің жаңа мәтіні мен музыкалық өңдеуі бекітілді  (әнін жазған: Ш.Қалдаяқоы, сөзін жазған: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев).

ҚР-да мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда, жергілікті өзін – өзі басқару орындарында қазақ тілімен қатар орыс тілі қолданылады.

Қазақстандағы тіл саясаты. Республикадағы барлық ұлттардың өкілдері жергілікті қазақтармен бірдей Қазақстанның тең құқықты азаматы деп саналады.

Біздің Ата заңымызда Қазақстанда өз өкілдері өмір сүретін ұлттардың ұлттық және азаматық теңдігін, тілі мен мәдениетінің дамуына жағдай жасалуына кепілдік берген. Бұл бағытта Негізгі заңда қазақ тілі – мемлекеттік тіл ретінде заңдастырылды да, орыс тілі ресми мекемелерде қолданылатын тіл деп танылды. Мемлекеттік тілмен қатар Қазақстанда өмір сүріп отырған басқа халықтар өкілдері тілдеріне де өкімет тарапынан қамқорлық жасау анық айтылған. Бұл тілдердің терезесі теңдігін сақтай отырып, мемлекеттік тілге деген құрметті күшейте түсу болып саналады. Қазақстандағы тіл саясатының басты бағыты – қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нақты шаралармен бекіту.

Саяси партиялар мен қозғалыстар. Қазақстанның егеменді мемлекет болуы, КСРО диктатурасының құлауы қоғамдық дамудың табиғи көрінісі болып саналатын көппартиялықтың өрістеуіне жол ашты. 1990 жылдардың бас кезіне дейін Қазақстанда бір ғана коммунистік партия үстемдік етіп келсе, 1993 жылдың соңына қарай 4 саяси партия тіркелді. Олар: Социалистік партия, Қазақстанның Республикалық партиясы, Қазақстанның Халық конгресі, Коммунистік партия. Кейін біртіндеп басқа да партиялар – Халық бірлігі партиясы, Демократиялық партия, Халықтық – кооперативтік партия, Дәуірлеу партиясы, Отан, Аграрлық партия т.б. құрылды.

Кейінгі жылдары саяси партиялардың бір – бірімен қосылып, ірілену үдерісі жүріп жатыр. 2006 жылы «Отан» партиясына «Асар» партиясы, сәл кейінірек Азаматтық, Аграрлық партиялар қосылып «Нұр – Отан» Халықтық – демократиялық партиясы» деп аталатын болды.

 

Ү. Жаңа сабақты қорытындылау: 7-8 мин

 

v  Біз Тәуелсіз Қазақстан туралы не білдік?

 

Оқиғалар тарихыЖылдар

 

1«Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Мәлімдеме» қабылдады1990 жылы

25 қазанда

2Қазақстан өз Тәуелсіздігін алды1991 жылы

16 желтоқсанда

3Қазақстанның тұғыш президент сайлауы болды1991 жылы

1 желтоқсан

4Қазақстан Республикасының ең алғашқы Конституциясы қабылданды1993 жылы

28 қаңтарда

5Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын бекітті1992 жылы

маусым

6Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы қабылданды1995 жылы

30 тамыз

7Қазақстанның Ұлттық валютасы айналымға енгізілді1993 жылы

15 қараша

8«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданды1997 жылы

21 қыркүйек

9Қазақстан Республикасының астанасы Алматыдан – Ақмолаға көшірілді1997 жылы

10 желтоқсан

 

v  Мен партия жетекшісі болсам….

(оқушыларды үш топқа бөліп, әр топтың пікірлерін тыңдау)

 

1.«Нұр Отан» Халықтық       2. «Коммунистік» партиясы      3.«Ауыл» партиясы

Демократиялық партиясы

 

 

ҮІ. Оқушыларды бағалау: 1-2 мин

 

            Үй тапсырмасына жауап беріп, сабақта белсене араласқан оқушыларды білім деңгейіне сай бағалау.

 

ҮІІ. Үй тапсырмасы: 1 мин

 

  • 30. Тақырып көлемінде дайындық жасау «Қазақстан Тәуелсіздігіне тақырыбына реферат жаздыру.