Қырғи-қабақ соғысы.Варшава шарты.

145

10-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §17. Қырғи-қабақ соғысы.Варшава шарты.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға қырғи-қабақ соғысының басталу себептерін, Таяу Шығыстағы және Үнді-Пәкістан,Үндіқытай жанжалдарын, жылымық кезеңдері жайлы толық мәлімет беру;

Пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту;

Отансүйгіштік асыл қасиеттерге тәрбиелеу:

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: дәстүрлі..

Көрнекілік: карта, тірек-сызба, жеке тұлғалар суреттері

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  2. Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1.ГФР мен ГДР-дің құрылуы

2.Экономикалық тұрақтылық

3.Ұжымдық қауіпсіздік идеясы

4.Шығыс Еуропа социалистік даму жолында

5.КСРО мен ҚХР-дың қарым-қатынасы

6.Жапония мен Қытайдағы халықаралық жағдай

7.Жапонияның экономикалық дамуы

 

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. «Қырғи-қабақ соғыстың» басталуы
  2. Милитаризм
  3. Корей соғысы
  4. Таяу Шығыстағы жанжал
  5. Үнді-Пәкістан жанжалы
  6. Үндіқытай жанжалы (1946-1954 ж)
  7. Жылымық кезеңі (1953-1960 ж)
  8. Берлин дағдарысынан Вьетнам соғысына қарай (1960-1973 ж)
  9. 1967 жылғы алты күндік соғыс және 1973 жылғы соғыс
  10. Стратегиялық қаруларды шектеу

Сабақты бекіту:

У.Черчилльдің Фултонда сөйлеген сөзін сендер қалай бағалайсыңдар?

Қырғи-қабақ соғысы Германия мәселесіне ықпал көрсете алды ма?

Қырғи-қабақ соғыс кезеңдерін атап беріңдер

Қырғи-қабақ соғыс дәуірі қандай оқиғамен аяқталды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §17