Сабақтың тақырыбы: §6. Италия. Испания

9-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §6. Италия. Испания

Сабақтың мақсаты:

  • Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Италия мен Испанияның ішкі және сыртқы жағдайларына сипаттама беріп, фашистердің билікке келуінің себептерін және Испаниядағы азамат соғысының себептерін нақты факторлармен ашып көрсету, оқушылардың назарын Италия мен Испаниядағы фашизмнің негізгі белгілеріне аудару

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Веймар Республикасының өмір сүрген кезеңі.
  • Германиядағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері
  • Гитлердің өкімет басына келуі туралы айт.
  • Германия тоталитаризмінің экономикалық жүйесі
  • Ұлтшыл Германияның сыртқы саясаты

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Соғыстың Италияға тигізген зардабы
  2. Италиядағы саяси партиялар мен қозғалыстар
  3. 1918-1939 жылдардағы Испания
  4. 1931-1936 жылдардағы Испаниядағы демократиялық революция
  5. Испаниядағы азамат соғысы және диктатура

Сабақты бекіту:

  • І-джс Италияға тигізген зардаптары қандай?
  • Соғыстан кейінгі саяси күштерге сипаттама беріңдер. Италиядағы буржуазиялық партиялардың кеш қалыптасқанын немен түсіндіруге болады?
  • 1920 жылдардың басында фашистік топтар мен партиялардың белсенділігі не себептен арта түсті? Фашизмнің өкімет басына келу себебін түсіндіріңдер.
  • Италия мен Испания фашизмінің негізгі белгілерін атаңдар

Бағалау:  Үйге тапсырма: §6 бойынша берілген сұрақтарға дайындалу. Испанияны өз беттерімен оқып келу.

9-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §7. Орталық және Оңтүстік Еуропа елдірі

Сабақтың мақсаты:

  • Ұлттық буржуазиялық-демократиялық революция жеңісінің нәтижесінде пайда болған жаңа мемлекеттерге (Австрия, Венгрия, Югославия, Чехословакия және Польша) сипаттама беріп, 1918 жылдан 1923 жылға дейінгі кезеңдегі экономикалық және саяси құрылымдық өзгерістерді ашып көрсету.
  • Осы елдердің экономикалық және саяси дамуының ерекшеліктерін нақты факторлармен салыстырып талдау. Екінші дүниежүзілік  соғыс қарсаңындағыосы мемлекеттердегі жағдай туралы әңгімелеп, оқушылардың назарын билеуші топтардың саясатына аудару.

Сабақтың түрі: Лекция

Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Көрнекілік:Карта- «Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропа»

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • І-джс Италияға тигізген зардаптары қандай?
  • Соғыстан кейінгі саяси күштерге сипаттама беріңдер. Италиядағы буржуазиялық партиялардың кеш қалыптасқанын немен түсіндіруге болады?
  • 1920 жылдардың басында фашистік топтар мен партиялардың белсенділігі не себептен арта түсті? Фашизмнің өкімет басына келу себебін түсіндіріңдер.
  • Италия мен Испания фашизмінің негізгі белгілерін атаңдар

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Жаңа мемлекеттердің пайда болуы.
  2. Жаңадан құрылған мемлекеттердің экономикалық және саяси өмірі (Австрия, Венгрия, Чехословакия, Польша, Югославия, Болгария).
  3. Билеуші топтардың саясаты

Негізгі оқиғалар:

  • 1918 жылғы 12 қарашада Австрия республика болып жарияланды.
  • 1918 жылғы 14 қарашада Чехословакия Республикасы құрылды.
  • 1918 жылы қарашада Польша халықтық Республикасы жарияланды
  • 1929 жылы СХС корольдігі Югославия корольдігі деп өзгертілді.
  • 1938 жылғы 12 наурызда Австрия «Герман мемлекеті» болып өзгертілді
  • 1939 жылғы қаңтарда Венгрия «Антикоминтерндік пактіге» қосылды.
  • 1939 жылғы 15 наурызда Чехословакия өмір сүруін тоқтатты.
  • 1939 жылғы 1 қыркүйекте Гитлерлік Германия Польшаға қарсы соғыс ашты.

Сабақты бекіту:

  • Австрияның әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылымындағы жүргізілген шаралар?
  • Венгрияда авторитарлы өкімет режімінің Германиядағы фашистік тәртіптен қандай ерекшелігі бар?
  • Чехословакияның ел ретіндегі өмір сүруін тоқтату себептері қандай?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §7.