Сабақтың тақырыбы: §8. Кеңес одағы

379

9-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §8. Кеңес одағы

Сабақтың мақсаты:

  • Кеңестік Ресейдің 1918 жылдан Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңына дейінгі жалпы дамуына сипаттама беріп, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы басты ерекшеліктерді атап көрсету. Оқушыларды кеңес өкіметінің жүргізген ішкі және сыртқы саясатының негізгі мазмұнымен таныстырып, жаңа экономикалық сакясаттың  мәнін ашып көрсету.
  • Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мен елді индустрияландырудағы әкімшіл-әміршіл әдістерін және оның зардаптарын нақты факторлармен түсіндіру. Қоғамдық саяси өмірдегі орныққан тоталитарлық тәртіп қоғамның өмір сүруін тоқтатып, тек жай механизмге айналдырғанын ұғындыру.

Сабақтың түрі: аралса

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: Карталар- «Кеңес мемлекеті азамат соғысы, шетел соғыс интервенциясы жылдарында»,  «Кеңес өкіметінің экономикалық дамуы». Т.б.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Австрияның әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылымындағы жүргізілген шаралар?
  • Венгрияда авторитарлы өкімет режімінің Германиядағы фашистік тәртіптен қандай ерекшелігі бар?
  • Чехословакияның ел ретіндегі өмір сүруін тоқтату себептері қандай?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Азамат соғысы және интервенция жылдарында
  2. Азамат соғысы жылдарындағы халық шаруашылығы
  3. Жаңа экономикалық саясат
  4. КСРО-ның құрылуы
  5. КСРО-дағы индустрияландыру саясаты
  6. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.

Негізгі оқиғалар:

  • 1918-1920 жылдар-Азамат соғысы
  • 1918-1921 жылдар- «Әскери коммунизм »саясаты енгізілді.
  • 1920 жылы желтоқсанда ГОЭЛРО жоспары бекітілді.
  • 1922 жылы 30 қаңтарда КСРО құрылды.
  • 1924 жылы қаңтарда КСРО Конституциясы бекітілді.
  • 1927 жылы Түркістан-Сібір теміржолы салына бастады. (Түрксіб)

ЖЭС КСРО-ның өнеркәсібінде (1921-1929 жж)

  • Жеке және аралас капиталды ұлғайту.
  • Мемлекеттік кәсіпорындардың дербестігін ұлғайту. Шаруашылық есеп.
  • Еңбекақы төлеудегі теңгермешілікті жою, заттай жалақыны ақшалай жалақымен ауыстыру.
  • Шетел капиталын тарту.
  • Жұмысшылардың күшімен рынокты құру, еріксіз еңбекке тыйым салу.

ЖЭС КСРО-ның ауыл шаруашылығында (1921-1929жж)

  • Салғыртты табиғи салықпен ауыстыру
  • Азықты орталықтан бөлуді жою. Нан және басқа тамақ өнімдерін еркін саудалауға оралу.
  • Жерді жалға алуға және жалдамалы еңбекті пайдалануға шектеулі түрде рұқсат ету.
  • Ауыл шаруашылығы кооперациясын және келісімшарттық жүйені (контракт) дамыту.

ГУЛАК

(ХХ ғасырдың 30-жылдары)

1 мамыр 1930 ж. 1 наурыз 1940 ж.
Түрме және лагерьлер 279 536
Сотталғандар 171 251 адам 1 668 200 адам

 

Сабақты бекіту:

  • «Әскери коммунизм» саясаты қай жылдары болды?
  • Жаңа экономикалық саясат қай жылы қабылданды?
  • КСРО қай кезде құрылды және оның құрамына қандай республикалар кірді?
  • Ұжымдастырудың қандай зардаптары болды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §8