Сабақтың тақырыбы: §9. Америка Құрама Штаттары.Канада

412

9-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §9. Америка Құрама Штаттары.Канада

Сабақтың мақсаты:

  • Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы АҚШ-тың дамуына сипаттама беріп, әлеуметтік-экономикалық және саяси даму ерекшеліктерін ашып көрсету.
  • Техникалық прогрестің жоғары өркендеуіне қарамастан, АҚШ-тағы экономикалық тоқыраудың себептерін түсіндіру. Осы тоқыраудан шығудағы Ф.Рузвельттің «Жаңа бағыт» реформасының маңызын нақты факторлармен әңгімелеп, саяси бағыттағы жаңалығын атап көрсету.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті /логикалық сұрақ-жауап, әңгіме, мәтінмен жұмыс/

Көрнекілік:карталар

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • «Әскери коммунизм» саясаты қай жылдары болды?
  • Жаңа экономикалық саясат қай жылы қабылданды?
  • КСРО қай кезде құрылды және оның құрамына қандай республикалар кірді?
  • Ұжымдастырудың қандай зардаптары болды?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Бірінші дүниежүзілік соғыстың АҚШ-қа тигізген әсері.
  2. 1922-1929 жылдардағы АҚШ-тың ішкі саясаты
  3. АҚШ-тағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері
  4. Президент Ф.Рузвельттің «Жаңа бағыт» реформасы
  5. «Жаңа бағыт» реформасының әлеуметтік маңызы

Негізгі оқиғалар:

  • 1918 жылғы 8 қаңтар- «14 баптан» тұратын дүниежүзі елдерінің болашағына байланысты бағдарлама қабылданды.
  • 1928 жылы республикашыл Герберт Гувер президент болды.
  • 1929-1933 жылдарда АҚШ-тағы экономикалық дағдарыс
  • 1932-1945 жылдарда демократ Ф.Рузвельт президент болды
  • 1933 жылы «Жаңа бағыт» реформасы басталды.
  • 1935 жылы бейтараптық туралы заң қабылданды.

 

Сабақты бекіту:

  • АҚШ экономикасының тұрақтанына қандай жаңдайлар себеп болды?
  • Техникалық прогрестің мекені бола тұра, не себепті АҚШ дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың орталығына айналды?
  • Г.Гувер мен Ф.Рузвельт экономикалық дағдарыстан шығу үшін қандай шараларды жүзеге асыруды ұсынды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §9. «Жаңа бағыт» саясаты Америка қоғамдық өміріне қандай жаңа келбет әкелді?