Қытай. Моңғолия

236

9-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §12. Қытай. Моңғолия

Сабақтың мақсаты:

  • Қытайдың 1918-1939 жылдар аралығындағы ішкі және сыртқы жағдайларына сипаттама беріп, 1919, 1925-1927 жылдардағы революциялық қозғалыстың жалпыхалықтық антиимпериялистік сипатын ашып көрсету. 1927-1937 жылдары азамат соғысына ұласқан Гоминьдан мен коммунистердің арасындағы қарулы күрес туралы түсінік беріп, оқушылардың назарын Қытайдағы Кеңестік қозғалысқа аудару.
  • 1937-1945 жылдары Жапон басқыншыларына қарсы күресу үшін біртұтас ұлттық майданның құрылғанын айтып, оның міндеттерімен таныстыру.
  • 1918-1940 жылдардағы Моңғолияның саяси-экономикалық даму жолына сипаттама беріп, 1924-1940 жылдардағы реформалардың мәнін ашып көрсету.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карталар

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • «Жапония» дегенде не айтқымыз келеді?
  • Жапонияның бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар қарсаңындағы сыртқы саясатының ұқсас жақтарын атаңдар.
  • Жапония үкіметінің экспанциялық және милитаристік саясатын түсіндіріңдер.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қытайдың соғыстан кейінгі жағдайы.
  2. Саяси партиялар және саяси күрес
  3. Қытайдағы 1925-1927 жылдардағы Ұлттық революция
  4. Гоминьдан мен коммунистердің арасындағы қарулы күрес.
  5. 1918-1940 жылдардағы Моңғолияның саяси экономикалық жолдары.
  6. Моңғолиядағы 1924-1940 жж. экономикалық реформалар

 

 

Негізгі оқиғалар:

  • 1919 жылғы 4 мамырда Қытайдағы антиимпериялистік қозғалыс болды.
  • 1921 жылғы сәуірде Сунь Ятсен Қытай Республикасының президенті болып жарияланды.
  • 1925 жылғы 30 мамырда Ұлттық рефолюция басталды.
  • 1926-1927 жылдардағы Солтүстік жорығы
  • 1931 жылғы қарашада Орталық жұмысшы-шаруа үкіметі құрылды.
  • 1937 жылы Біртұтас антижапондық майдан құрылды.
  • 1937 жылы тамызда КСРО-Қытай арасындағы шартқа қол қойылды.
  • 1921 жылы Моңғолия Халық партиясы құрылды.
  • 1924 жылы МХР жарияланды.

Сабақты бекіту:

  • 1919 жылғы «4 мамыр қозғалысының» себептері қандай?
  • МАО Цзэдун қандай әлеуметтік топтың қатарынан шықты?
  • КСРО кеңесшілері Қытайға қай үкіметтің шақыруымен барып қызмет атқарды?
  • Сунь Ятсен бағдарламасының мазмұны қандай?
  • Кеңестік қозғалыстарды баяндап беріңдер
  • 1921 жылғы араттар революциясына сипаттама беріңдер.
  • Моңғолияның революцияға дейінгі экономикасы туралы, еңестік Ресейдің Моңғолияға көмегі жөнінде пікірлеріңді білдіріңдер.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §12. КСРО-ның Қытайдың және Моңғолияның ісіне араласуына баға беру.