Иран. Ауғанстан

196

9-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §15. Иран. Ауғанстан

Сабақтың мақсаты:

  • Бірінші джс соңындағы және соғыстан кейінгі Иранның ішкі және халықаралық жағдайын нақты фактілермен сипаттап, оқушылардың назарын Англияның Иранды басып алуына аудару;
  • Ирандағы ұлт-азаттық қозғалыстың ерекшеліктеріне тоқталып, Кеңес үкіметінің осында социалистік революция ұйымдастыру әрекетіне түсінік беру.
  • 1921-1945 жылдардағы Иранның саяси эконгомикалық дамуын түсіндіргенде, Пехлеви үкіметінің іс-әрекеттерін ашып көрсету;
  • Белсенді, білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Үндістанның 1920-1940  жылдардағы  ұлт-азаттық  қозғалысына сипаттама  беріңдер. Қандай  саяси  партялар  өмір  сүрді, олардың  бағдарламасы  қандай?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Бірінші джс соңындағы Иранның жағдайы
  2. Ұлт-азаттық қозғалыстың дамуы.
  3. Иранның 1921-1945 жылдардағы саяси –экономикалық даму жолдары.
  4. 1918-1945 жылдардағы ауғанстан.

Негізгі оқиғалар:

  • 1918-1928 жылдар-Ауғанстандағы Аманулла ханның реформалық әрекеттері.
  • 1921 жылы құлдықты жою заңы жарияланды.
  • 1920 жылғы 5 маусымда Гилян республикасы жарияланды
  • 1925-1941 жылдары- Реза хан Пехлеви билігі орнады.
  • 1943 жылғы 9 қыркүйекте Иран Германияға соғыс жариялады.

Сабақты бекіту:

  • 1918-1922 жылдардағы Иран жеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстың ошақтарына талдау жасаңдар.
  • Кеңестік Ресейдің Гилян өңірінде социалистік республика ұйымдастыру әрекеті дұрыс па әлде бұрыс па?
  • Дәлелдер келтіріп, өз пікірлеріңді білдіріңдер.
  • «Шазривар оқиғасының» дамуына не себеп болды?
  • Соғыс жылдарында шах үкіметі қай одақты жақтады, және не себепті жақтады.
  • Аманулла хан үкімет басына қандай жағдайда келді?
  • Ауғанстан конституциясы қай жылы қабылданды?
  • Нәдіршах әулетінің Ауғанстанда билік еткен мерзімін анықтаңдар

Бағалау:

Үйге тапсырма: §15.