Тропиктік және Оңтүстік Африка елдері

67

9-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §19. Тропиктік және Оңтүстік Африка елдері

Сабақтың мақсаты:

  • ХХ ғасырдың басында Африкада қалыптасқан отаршылық жүйеге және оның зардаптарына сипаттама беріп, осы елдердің  1918-1939 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуын түсіндіріп, оқушылардың назарын  әлеуметтік жаңалықтарға аудару. Ұлт-азаттық қозғалыстың  күші және басқыншылығындағы саяси патриялар мен қоғамдық ұйымдардың  рөлі туралы  әңгімелеп, олардың қарапайым тілектерден басқа саяси тәуелсіздікке жету талаптарын да қоя бастағанын нақты факторлармен түсіндіру.
  • Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;
  • Тарихи санасы қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Африкадағы араб елдерін  картадан  көрсетіңдер.
  • Араб елдерігі ұлт-азаттықкүреске  сипаттама  беріңдер.
  • Батыс елдері Африкадағы араб  елдеріне  қандай  саясат  жүргізді.
  • Екінші дүниежүзілік  соғыс  жылдарында Африкадағы  араб елдеріне қандай  соғыс  қимылдары  орын  алды?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Бірінші дүниежүзілік соғыстың Африкадағы салдары
  2. Африка елдерінің әлеуметтік-экономикалық салдары
  3. Африкадағы саяси жағдай және ұлт-азаттық қозғалыс

Негізгі оқиғалар:

1909-1910 жылдарда Англия Оңтүстік Африкада отарларына өзін-өзі  басқару құқығын берді.

1912 жылы Африка ұлттық конгресі құрылды.

1920 жылы Батыс Африка Ұлттық Конгресі құрылды

Отарлық иеліктері Фран-ция Ұлыбри-тания Герман-ия Порту-галия Бельгия Италия Испания

Сабақты бекіту:

  • Саяси картаны пайдаланып, Еуропа елдерінің Африкадағы отаршылдық жүйелерін еске түсіру.
  • Африкадағы өзгерістер неге байланысты болды?
  • Африка елдерінде қандай өзгерістер болды?
  • Африка елдерінде қандай экономикалық және әлеуметтік жаңалықтар орын алды?

Бағалау: Үйге тапсырма: §19. Кестені аяқтау.