Ұлыбритания.

9-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §22. Ұлыбритания.

Сабақтың мақсаты:

  • Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Ұлыбританияның саяси-экономикалық жағдайы, М.Тетчер мен Дж. Мейджор дәуірі,Энтони Блэрдің «жаңа лейборизм» саясатын түсіндіру;
  • Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;
  • Тарихи санасы қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:  «Бетпе-бет» әдіс бойынша

  • Екінші джс шығу себептері
  • Соғыстың сипаты қандай болды?
  • Соғыс кезіндегі ірі шайқастар өткен жерді картадан көрсетіңдер
  • Қазақ халқы Отан соғысына қандай үлес қосты? Қазақстан батырларын білесіңдер ме?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Ұлыбританияның соғыстан кейінгі жағдайы
  2. Лейбористер партиясының билікке келуі және Эттли үкіметінің саясаты
  3. Консерваторлар билігі кезінде (1951-1964 жж.)
  4. Британ отарлау жүйесінің күйреуі
  5. Ұлыбритания 60-70-жылдарда
  6. 70-жылдардағы «жаңа консерватизм».
  7. Лейбористердің үкімет басына қайтадан келуі
  8. М.Тетчер мен Дж. Мейджор дәуірі (1979-1997 жж.)

Сабақты бекіту:

1.Консервативті к партия мен оның жетекшісі У.Черчиль 1945

жылы сайлауда неліктен жеңіліске ұшырады?

  1. Үкімет басына лейбористердің келу себептерін айтып беріңдер.
  2. «Ауқатты мемлекет» теориясы деген не?
  3. М.Тетчер үкіметі экономикалық саясатының негізгі бағыттарын көрсетіңдер. «Тетчеризм» деген не?
  4. «Ольстер күйзелісі» тақырыбына баяндама дайындап, ұлттық және конфессиялық қақтығыстардың себептері туралы айт.

Бағалау: өзін-өзі бағалау

Үйге тапсырма: §22.