Сабақтың тақырыбы: §13. Оңтүстік-Шығыс Азия елдері

52

9-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §13. Оңтүстік-Шығыс Азия елдері

Сабақтың мақсаты:

  • ОША елдерінің ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайына сипаттама беріп, басты ерекшеліктерін ашып көрсету. Бұл елдерге дағдарыстың  тигізген әсерін айту.
  • Батыс елдері мен Жапонияның назарын отаршылдық басқыншылық саясатына оқушылардың назарын аудару. Тәуелсіздік азаттыққа құрмет сезімдерін қалыптастыру.
  • Тарихи фактілерге талдау жасап, қорытынды шығаруға баулу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • 1919 жылғы «4 мамыр қозғалысының» себептері қандай?
  • МАО Цзэдун қандай әлеуметтік топтың қатарынан шықты?
  • КСРО кеңесшілері Қытайға қай үкіметтің шақыруымен барып қызмет атқарды?
  • Сунь Ятсен бағдарламасының мазмұны қандай?
  • Кеңестік қозғалыстарды баяндап беріңдер
  • 1921 жылғы араттар революциясына сипаттама беріңдер.
  • Моңғолияның революцияға дейінгі экономикасы туралы, еңестік Ресейдің Моңғолияға көмегі жөнінде пікірлеріңді білдіріңдер.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Үндіқытай елдірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы
  2. Дүүниежүзілік дағдарыстың үндіқытай еліріне әсері
  3. Үндіқытай халықтарының ұлт-азаттық күресінің дамуы.
  4. Индонезиядағы саяси ұйымдар мен партиялардың қимылдары.

Негізгі оқиғалары:

  • 1927 жылы Индонезияның ұлттық партиясы құрылды.
  • 1930 жылғы 3 ақпанда Вьетнам коммунистік партиясы жарияланды
  • 1937 жылы Гиринда (Индонезия халқының қимылы) партиясы құрылды.

Сабақты бекіту:

  • 1920-1930 жылдарда Үндіқытай қоғамының ішкі құрылысында қандай өзгерістер байқалды?
  • Дүниежүзілік дағдарыс Үндіқытай шаруашылығына қалай әсер етті?
  • 1930 жылдары Вьетнамдағы отаршылдарға қарсы халықтардың күресі туралы айтып беріңдер.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §13