9-сынып. Дүние жүзі тарихы Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы

169

9-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты:

  • Екінші дүниежүзілік соғыс, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзі елдері, ішінде Еуропа және Америка ның 1945-2009 жылдардағы дамуы тарауларын қайталау, яғни ІІ тоқсан материалдары.
  • Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;
  • Тарихи санасы қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:  «Бетпе-бет» әдіс бойынша

  • Соғыстан кейінгі АҚШ-тың дүниежүзілік саяси және экономикалық жағдайы қалай болды?
  • Г.Трумэннің «әділ саясатының» мазмұнын ашып беріңдер.
  • 1950-1960 жылдардағы нәсілшілдікке қарсы заңдардың мәнін ашып көрсетіңдер
  • Рейгон мен Клинтон әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясаттағы табыстарына сипаттама жасаңдар.
  • Кіші Дж. Буштың сыртқы саясаттағы әрекеттерін қалай бағалайсыңдар?
  • Канада елінің экономикалық жетістіктері туралы айтып беріңдер. Оның себептерін ашыңдар.

Пысықтау сабағының материалдары:

  1. Африкадағы араб елдері
  2. Тропиктік және Оңтүстік Африка елдері
  3. Екі соғыс аралығындағы хылықаралық қатынастар
  4. Екінші дүниежүзілік соғыс
  5. Ұлыбритания
  6. Франция
  7. Германия
  8. Италия, Испания, Португалия, Грекия.
  9. Солтүстік Еуропа елдері
  10. Еуропалық ықпалдастық және Еуропа Одағы
  11. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері
  12. АҚШ және Канада

Сабақты бекіту:

  • «Иә-жоқ»

Бағалау:

Үйге тапсырма: ІІ тоқсан материалдарын қайталау