Үндістан

40

9-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §35. Үндістан

Сабақтың мақсаты:

  • Үндістанның1945-1986 жылдардағы саяси – әлеуметтік  және  экономикалық  дамуына  сипаттама  беріп,  ондағы  басты ерекшеліктерді  атап  көрсету.  Оқушылардың  назарын
  • Үндастандағы Ұлт – азаттық күреске  аударып,  оның  кезеңдері мен  күрес  тәсілдерін нақты  фактілер  арқылы  түсіндіру.Елдегі  саяси  партиялар туралы  түсіндіріп , олардың  бағдарламасымен  таныстыру. М.К.Ганди мен Дж Нерудің ұлт – азаттық  күрестегі  қызметі  туралы  әңгімелеп,  М.К. Ганди ұсынған  күрес  жолын  ұғындыру.
  • Білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • 1945-1980 жылдарда Үндіқытай қоғамының ішкі құрылысында қандай өзгерістер байқалды?
  • Дүниежүзілік дағдарыс Үндіқытай шаруашылығына қалай әсер етті?
  • 1950 жылдары Вьетнамдағы отаршылдарға қарсы халықтардың күресі туралы айтып беріңдер.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Екінші дүниежүзілік  соғыс  кезіндегі  елдің  жағдайы.
  2. Үндістан Республикасы. Күш қолданбай  қарсыласу  қозғалысы.
  3. Соғыстан кейінгі  кезеңдеі Үндістан:

а)Ағылшын  үкіметінің  саясаты;

ә)Жаппай  бағынбаушылық  қозғалысы.

  1. Үндістан экономикалық дамуы. «Үнді одағы»
  2. Екінші дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  Үндістан.

Негізгі  оқиғалар:

  • 1947 жылғы тәуелсіздік  басталды.
  • 1950-58 жылғы аграрлық  реформалар.
  • 1977 — 80 жылғы саяси  жағдайлар.
  • 1994 жылғы  жайна Үндістан үндеуі.

Сабақты бекіту:

  • Үндістанның 1945-1986 жылдардағы саяси — экономикалық  дамуына  сипаттама  беріңдер. Қандай  саяси  партялар  өмір  сүрді, олардың  бағдарламасы  қандай?
  • М.К.Ганди саясатына қандай  баға  берер едіңдер? Оның «Менің  өмірім»  (Алматы, 1989)  деген  кітабын  оқу.

Бағалау: Үйге тапсырма: §35.