Америка Құрама Штаттары.Канада

9-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §29. Америка Құрама Штаттары.Канада

Сабақтың мақсаты:

  • АҚШ пен Канаданың ІІ джс кейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуын , сыртқы, ішкі саяси бағыттарын айқындап айту;
  • Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;
  • Тарихи санасы қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:  «Бетпе-бет» әдіс бойынша

  • Шығыс Еуропа елдеріндегі леуметтік-экономикалық құрылысты сипаттаңдар. Оны Батыс Еуропа елдерімен салыстырыңдар.
  • Бұл елдердегі демократиялық революциялардың ерекшеліктері неде?
  • Шығыс Еуропа елдерінің дамуына басқа жолдар бар ма еді?
  • 1990 жылдардағы өзгерістерді сипаттап беріңдер.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Трумэн әкімшілігі кезіндегі елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай.
  2. Сыртқы саяси бағыт.
  3. 1950-1960 жылдардағы Америка.
  4. 1960 жылдардағы наразылық қозғалыстары
  5. 70-жылдардағы Америка
  6. Рональд Рейгон әкімшілігінің іс-әрекеті (1980-1988 жж.) «Рейгономика».
  7. Б.Клинтон мен кіші Дж. Буштың саясаты
  8. Канада

Сабақты бекіту:

  1. «Соғыстан кейінгі АҚШ-тың дүниежүзілік саяси және экономикалық жағдайы қалай болды?
  2. Г.Трумэннің «әділ саясатының» мазмұнын ашып беріңдер.
  3. 1950-1960 жылдардағы нәсілшілдікке қарсы заңдардың мәнін ашып көрсетіңдер
  4. Рейгон мен Клинтон әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясаттағы табыстарына сипаттама жасаңдар.
  5. Кіші Дж. Буштың сыртқы саясаттағы әрекеттерін қалай бағалайсыңдар?
  6. Канада елінің экономикалық жетістіктері туралы айтып беріңдер. Оның себептерін ашыңдар.

Бағалау: өзін-өзі бағалау

Үйге тапсырма: §29.