ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Англия

116

8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §15. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Англия

Сабақтың мақсаты:

  • ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Англияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына сипаттама беріп, өеркәсіп төңкерісінің аяқталуының нәтижесінде экономиканың өркендеуін және қоспартиялық жүйесінің  қоғамның саяси дамуындағы рөлін ашып көрсету.
  • Оқушылар назарын жұмысшы табының бірінші жеке көтерілуі болған чартистік қозғалысқа аударып, кәсіподақ қозғалысы туралы түсінік беру.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Әдісі: интерактивті

Көрнекілігі:ХІХ ғ. мен ХХ ғ. Англияның саяси картасы

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар».
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Мәдениет дегеніміз не?
  2. Қай ғалымдар қазіргі жоғарғы математиканың негізін қалады?
  3. Немістің ұлы астрономы Кеплер туралы әңгімелеңдер.
  4. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы жаратылыстану ғылымы  дамуының маңызы қандай?
Кезеңі

ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ.

Қайраткерлер Қандай жаңалықтар ашты? Әдбиет пен өнер саласында
  • Ағылшын буржуазиялық революциясының ерекшелігі неде, ол өз мақсатына жетті ме?
  • Англиядағы парламенттік монархия елді басқаруға қандай өзгеріс әкелді?
  • ХҮІІІ ғ. Англияда өнеркәсіптің қай саласы жедел дамыған еді?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Англияның әлеуметтік-экономикалық дамуы.
  2. Жер иеленуші ақсүйектердің үстемдігі
  3. Парламенттік реформа үшін күрес
  4. Өнеркәсіп төңкерісі.
  5. Жұмысшы қозғалысы
  6. Кәсіподақтарды ұйымдастыру.

 

 

 

Өнеркәсіп төңкерісінің ерекшеліктері
ХҮІІІ ғ. Англияда өнеркәсіп төңкерісіне  қажетті шаралар пісіп-жетілді.
1733 ж.

1738 ж.

Джон Кей тоқыма станогы

Адам қолының қатысуынсыз жіп иіретін машина

1764 ж. Джеймс харгривс «Дженни» атты механикалық жіп иіретін машина ойлап тапты. Бір уақытта 15-18 ұршық
1769 ж.

1771 ж.

Ричарт Аркрайт-дөңгелекті суда қозғалысқа келтіретін машина

Жіп иіретін тұңғыш фабрика

1780 ж. Фабриканың саны 20-ға жетті, ал 110 жылдан кейін 150-ге жетті.
1765 ж.

1771 ж.

Джеймс Уатт бу машинасын ойлап тапты

Оны жетілдірді

Бұл машина жұмыс істеуі үшін  көмір өнеркәсібі, металлургия жетілдірілді
1769 ж. Парламент машиналарды қиратқаны үшін өлім жазасы туралы заң шығарды.
ХҮІІІ ғ.

ІІ жарт.

 Жұмысшылар мүдделерін қорғаған ереуілдер етек алды.

 

ІҮ. Сабақты бекіту:

  • ХІХ ғ. І жартысында Англияның экономикалық дамуының негізгі белгілерін атаңдар.
  • Чартистік қозғалыстың жеңілуінің себебі неде?
  • ХІХ ғ. 50-60 жылдары не себепті Англия « дүниежүзілік шеберхана» аталды?
  • Не себепті Англияның билеуші топтары реформа жолына түсті?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§15.