Германия мен Италия. Германия мен Италияның әлеуметтік-экономикалық дамуы /2сағат/

367

8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §19 Германия мен Италия.

Германия мен Италияның әлеуметтік-экономикалық дамуы /2сағат/

Сабақтың мақсаты:

  • Германияның әлеуметтік- экономикалық дамуына салыстырмалы түрде сипаттама беріп, 1848-1849 жылдардағы революцияның мақсаттарымен қорытындыларын ашып көрсету. Германия мен Италияның бірігу жолдарын және ерекшелігі мен ұқсастығын нақты деректермен түсіндіру.
  • Біріккен Германия мен Италияның мемлекеттік құрылысын қазіргі құрылысымен салыстыру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:карта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар».
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: /ХІХ ғасырдағы Франция/

  • Қандай мемлекеттер Вена конгресінің шешімдерін қабылдауға қатысты?
  • Қасиетті одақ қандай мақсатпен құрылды?
  • Франциядағы 1830 жылғы Шілде ревоюциясының себептерін, мәнін және қорытындысын атаңдар
  • Шілде монархиясы қай жылдары өмір сүрді?
  • Франция-Герман соғысына итермелеген себептерді көрсетіңдер
  • Францияда Үшінші республика қашан жарияланды?
  • Не себепті Үшінші республиканы «герцогтар республикасы» деп атады?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Германия мен Италияның әлеуметтік-экономикалық дамуы.
  2. Германия және Италиядағы 1848-1849 жылдардағы революциялар, олардың қорытындыларыИталияның бірігуіне дайындық және бірігудің аяқталуы.
  3. Германияның бірігуі және Герман империясының құрылуы
  4. Герман империясының және Италияның әлеуметтік-экономикалық дамуы.
  5. Германияның мемлекеттік құрылымы. Италияның саяси құрылымы
  6. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Германия және Италияның экономикалық және саяси дамуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І топ

Германияның бірігу жолы

ІІ –топ

Италияның бірігу жолы

1.      Ерекшелігі 1.      Ерекшелігі
2.      Ұқсастығы 2.      Ұқсастығы

 

Германияның және Италияның мемлекеттік құрылымы

Германия Италия
1.      Империя-22 монархия одағын құрады

2.      Мемлекет басшысы-император (кайзер)

3.      Үкімет басшысы-рейхканцлер

4.      Рейхстаг 5 жылға сайланды. Жоғарғы палата (бундесрат).  Төменгі палата (бундестаг).

5.      Рейхстагқа барлық ірі саяси партиялар кірді

 

ІҮ. Сабақты бекіту:

  1. Герман империясы экономикасының жедел дамуының себебін атаңдар.
  2. Кавур мен Гарибальди қызметіне салыстырмалы түрде баға беріңдер. Олар кімнің мүддесі үшін әрекет етті және қандай мақсаттарды көздеді?
  3. Германиядағы және Италиядағы 1848-1849 жылдардағы революция өз мақсаттарын орындаған жоқ. Ол қандай мақсаттар еді?
  4. Италияны және Германияны біріктіруде басты рөлді қайсы корольдіктер атқарды? Неліктен деп ойлайсыңдар?
  5. Италия және Германияның бірігу тарихында мына адамдардың қызметіне баға беріңдер: Кавур, Бисмарк, ІІ Виктор Эммануил, Д.Гарибальди.

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§19.