Латын Америкасы елдері

8-сынып.  Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 22. Латын Америкасы елдері

Сабақтың мақсаты:

  • ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы Латынамерикалық отарлардың әлеуметтік-экономикалық дамуын, тәуелсіздік алғам мемлекеттердің иеліктері мен олардың басқару жүйелерін оқушыларға түсіндіру. Латынамерикалық тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы қазіргі латынамерикалық өркениеттілік бастауы болғандығына оқушының назарын аудару. Оқушылардың  тақырыпты терең меңгеріп, жеткілікті ақпарат алуын қадағалау.

Сабақтың түрі:ойын сабағы

Әдісі: сұрақ жауап

Көрнекілігі:плакат, карталар, тақта.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар».
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: « АҚШ»

  • Скваттерлік дегеніміз не?
  • «Жоғары көтерілу мүмкіншілігі» деген сөз тіркесін қалай түсінесіңдер?
  • АҚШ Луизианаға қашан және қалай ие болды?
  • Аболиционистер деген кімдер?
  • 1861 жылы республикалық партияға кім жетекші болды?
  • Азамат соғысы кезіндегі Оңтүстік және Солтүстік күштерін салыстырыңдар. Күресушіжақтардың қандай ерекшеліктері болды?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Латынамерикалық отарлардың әлеуметтік-экономикалық дамуы.
  2. Латын Америкасы елдеріндегі буржуазиялық-демократиялық төңкерістер
  3. Тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы «Монро доктринасы» және оның Латын Америкасы елдерінің дамуына ықпалы
  4. Саяси құрылыстар

ІҮ. Сабақты бекіту:

  1. Латын Америкасы халықтарының азаттық күресі нәтижесінде қандай мемлекеттер құрылды?
  2. Латын Америкасындағы оқиғаларға Еуропа державаларының арасындағы қандай қарама-қайшылықтар және АҚШ-тың қандай көзқарасы әсер етті?
  3. Латифундизм Латын Америкасы елдерінің экономикалық және саяси өміріне қандай әсерін тизігді?
  4. Латын Америкасы елдері саяси өмірінің ерекшеліңктері қандай?

Ү. Бағалау:       ҮІ. Үйге тапсырма:§22. Латын Америкасы елдері