Араб елдері Араб елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстар /2 сағат/

44

8-сынып.  Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 28. Араб елдері  Араб елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстар /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:

  • ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы араб елдерінің жағдайына сипаттама бере отырып, Түрік империясының отарлық езгісі мен түрік-араб феодалдарының қанауынан зардап шеккен араб халқы Еуропаның империалистік қаржылық қанауына ұшырап, жартылай отарға айналғанын ашып көрсету.
  • Араб елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстың сипатын және қозғаушы күштерін түсіндіріп, оның ұлттық сана-сезімнің қалыптасуындағы орнын нақты деректермен көрсету.
  • Араб елдерінің әрқайсысының феодалдық езгі және түріктердің билігінен құтылу жолындағы күресі мен ХІХ ғасыр ішіндегі Батыс елдерінің озбырлығына тойтарыс берудегі күресінің ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне сипаттама беру.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:карта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар».
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1848-1852 жылдардағы Ирандағы бабшылдар көтерілісі

Көтерілістің қозғаушы күштері Көтеріліс жүргізілген аймақ Көтерілісшілердің мақсаты Көтерілістің жеңілу себептері
  • ХІХ ғасырдың басындағы орыс-иран соғыстарының себептері қандай болды?
  • Бабшылдар деген кімдер?
  • Иранның жартылай отар елге айналуын қандай мысалдармен көрсетуге болады?
  • Иран революциясының мақсаты қандай болды?
  • Бірінші мәжіліс қай жылы шығарылды?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. ХІХ ғасырдың соңғы кезіндегі араб елдірінің жағдайы
  2. Мысыр елі.
  3. Араби паша көтерілісі және ағылшындардың Мысырды басып алуы
  4. Басқа араб елдерінің жағдайы
  5. Араб елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстар. Араб Ұлттық сана-сезімінің қалыптасуы

ІҮ. Сабақты бекіту:

  • Араб елдірінің ХІХ-ХХ ғасырлар аралығындағы жағдайларына сипаттама беріңдер
  • Қандай елдерде жаңа қатынастар дамыды?
  • Ол неге байланысты еді?
  • Еуропа елдерінің арабтарды жаулауы туралы оқулықтар мен қосымша әдебиеттерден оқып танысыңдар
  • Мысырды қолға түсіру үшін Англия қандай әрекеттер жасады? Араби паша көтерілісі неге жеңіліс тапты?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§28. «ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басындағы араб елдірінің  ұлт-азаттық күресі» деген тақырыпта кесте құру.