Мәдениеттің дамуы.

94

8-сынып.  Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 30. Мәдениеттің дамуы.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға мәдениет дамуының экономикадағы, саясаттағы және әлеуметтік өмірдегі болып жатқан процестермен өзара байланыстылығын ашып көрсету.
  • ХІХ-ХХ ғасырдарда ғылым жаңалықтары және өнер мен әдебиеттің дамуындағы жетістіктерді меңгерту:
  • Аса маңызды дүниежүзілік мәдениет жетістіктеріне деген оқушылардың қызығушылығын тудыру және арттыру;

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:баяндау

Көрнекілігі:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар».
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Англия мен Франция арасындағы бақталастық күрес ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қай құрлықта шиеленісе түсті?
  2. Қиыр Шығысты қай ел басқыншылық саясатқа көшіп, көрші елдерге көз аларта бастады?
  3. Сан-Стефано келісімі бойынша қандай елдер өз тәуелсіздігіне қол жеткізді?
  4. 1907 жылғы ағылшын-орыс келісімі бойынша қандай мәселелер шешілді?
  5. Антанта одағы қашан құрылды?
  6. Балқан халықтарының бірігуіне қандай оқиғалар себеп болды?
  7. 1913 жылғы Балқан соғысының салдары қандай болды?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Ғылым мен техника
  2. Әдебиет пен өнер
  3. Музыка
Композиторлар Шығармалдар Мазмұны

ІҮ. Сабақты бекіту:

  • Дүниежүзілік музыка мәдениетінің қорын байытқан сазгер Иоганн Себестьян Бах шығармаларының ерекшелігі неде?
  • Музыкант Франц Шуберт өзінің әндерін, әсіресе қайсы ақын-жазушылардың сөздеріне жазған?
  • Неліктен Фридерик Шопенді «Мазурка королі» деп атаған?
  • Қайсы композитордың шығармасы ғұндардың Италияға басып кіруі туралы?
  • Музыканың зайырлы өнерге айналуы қандай данышпан композитордың есімімен байланысты?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§30. Параграф соңындағы сұрақтарға жауап әзірлеу. Кестені толтыру.

Медицина Химия Физика Микробиология