Ислам дүниесі мәдениетінің дамуы.

138

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 5. Ислам дүниесі мәдениетінің дамуы.

Сабақтың мақсаты:

  • Араб жерінде ислам дінінің шығуы, Мұхаммед пайғамдар туралы өткен сабақты қайталау отырып, ислам дүниесі мәдениетінің дамуы, яғни араб мәдениетінің дамуы мен оның дүниежүзілік маңызына көңіл бөлу.
  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:меккенің суреті, «Меккеге сапар»  атты фильмді тамашалату.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Арабтар қандай дінді ұстанып дамытып отыр?
  • Құран Кәрім қай тілде түскен?
  • Жаһилиет дәуірі қай ғасырларға дейін өмір сүрді
  • 711-718 жж. Арабтар қай елді жаулап алып, қандай мемлекет құрды?
  • Омейя әулетінің билік еткен кезеңі? /661-750/
  • Аббас әулетінің билік еткен кезеңі? /7501258/
  • Әмірдің екі орынбасарлары қандай істермен айналысты?
  • Аббас әулетінің ең соңғы халифі кім?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Ислам діні және Мұхаммед пайғамдар (с.ғ.с.)
  2. Араб елдірінің мәдениеті

Арабтардың мәдениеті

Дін Қолөнер Астрономия мен математика Тарих және география Әдебиет Бейнелеу

Сабақты бекіту:

  • Ислам діні қалай пайда болды?
  • Оның негізін қалаушы туралы не білесіңдер?
  • Араб саудагерлері дүние жүзіне қалай белгілі болды?
  • Қанай араб ақындарын, олардың қандай туындыларын білесіңдер?
  • Ең ірі кітапхана қай қалада болды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §5.