ХІ-ХҮ ғасырлардағы Франция

95

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §13. ХІ-ХҮ ғасырлардағы Франция

Сабақтың мақсаты:

  • Францияның бірігуі, Жакерия,француз халқының батыр қызы Жанна д Арк-тың өз елін қорғаудағы ерлігі туралы түсіндіру.
  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Бетпе-бет» әдісі бойынша

  • Бір орталықтандырылған мемлекеттің құрылуына кімдер мұқтаж болды?
  • Қолөнер мен сауданың дамуына кімдер зиян  келтіріп отырды?
  • Корольдер неге қала тұрғындарымен одақтасты?
  • Монархия деген не?
  • Еуропа елдеріндегі өкілетті билік түрлері қалай аталды?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Француз жерлерінің бірігуі
  2. Жүз жылдық соғыс. Жакерия
  3. Француз халқының басқыншыларға қарсы күресуі. Жанна д Арк.
  4. Елді саяси біріктіруді аяқтаудың алғышарттарыХІ Людовик және оның корольдік өкіметті нығайту жолындағы қызметі

Француз жерлерінің  бірігуі мен король өкіметінің нағаюы.

  • Король
  • Нормандия, Анжу, Аквитания, Тулуза т.б. иеліктері қосып алынды
  • Бас штаттар шақырылды. Жүз жылдық соғыста жеңіп шықты
  • Тұрақты әскер құрылды.Бургундия басып алынды, ХҮ ғасырдың аяғында Францияны біріктіру аяқталды.

Сабақты бекіту:

  • Жүз жылдық соғыстың себебі неді?Жакерия деген не? Ол қай жылдары болды? Жанна д Арк Жүз жылдық соғыста қандай рөл атқарды?
  • ХІ Людовик пен Батыр Карл арасындағы соғыс не үшін болды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §13.