ХІ-ХҮ ғасырлардағы Германия.

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §15. ХІ-ХҮ ғасырлардағы Германия.

Сабақтың мақсаты:

  • Германия жерлерінің мемлекеттік –саяси дамуы ерекшеліктері,герман рыцарьлары,еркін қалалар, германиядағы шіркеу орталықтарының жағдайы туралы айту;
  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Нормандардың Англияға басып кіруіне не себеп болоды?
  • «Қаһарлы сот» кітабы қашан жазылды?
  • Ағылшын парламенті қашан құрылды?
  • Ал қызыл және Ақ раушандар арасындағы соғыстың себебі неде?

Жаңа сабақтың жоспары:

  • Германия жерлерінің мемлекеттік –саяси дамуы ерекшеліктері,
  • Герман рыцарьлары. Еркін қалалар
  • Германиядағы шіркеу орталықтарының жағдайы

Саяси бытыраңқылықтың себептері

«Алтын булла» Германияның саяси бытыраңқылығына заң жүзінде жағдай жасап берді
Король өкіметі мен қалалар арасында одақ қалыптаспады. Елдің ішкі экономикалық байланыстары нашар болдыЖергілікті кінәздер дербес болды. Елдің жалпыға бірдей заң шығаратын, империялық қарды мәселесімен айналысатын мекемелері қалыптаспады.

Сабақты бекіту:

  • ХІ-ХҮғғ. Германия жерлеріндегі саяси даму ерекшеліктері қандай болды?
  • Германия рыцарьларының мақсат-мүддесі нені көздеді? Мақсаттарына жету үшін рыцарьлар не істеді?
  • Германияның орта ғасырлардағы қалалары не үшін күресті?
  • Олардың өзара және шет елдермен байланыстары қандай болды?

Бағалау:               Үйге тапсырма: §15.