7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмыс

68

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы:  Бақылау жұмыс

Сабақтың мақсаты:

  • І тоқсанда өткен материалдарды қайталай, пысықтай отырып, алған білімдерін одан әрі орнықтыру;
  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  қайталау

Әдісі: интерактивті, ойын, сұрақ-жауап

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Реконкиста деген не? Ол қашан , немен аяқталды?
  • Испанияны кімдер, қашан, қалай біріктірді?
  • Католик шіркеуі реконкистаға не үшін қатысты?
  • Күпірлерге қарсы күрестің мақсаты қандай болды?
  • Инквизиция деген не?

Пысықтау сабағының материалдары:

 

  1. Герман тайпасы және Рим империясы
  2. Франктер
  3. Византия
  4. Арабтар
  5. Ислам мәдениеті
  6. Орталық Азия халықтары
  7. Славяндар
  8. Киев Русі мемлекеті
  9. Феодалдық құрылыс
  10. Бір орталыққа бағындырылған мемлекеттердің құрылуы
  11. Франция
  12. Англия
  13. Германия
  14. Испания

 

Бағалау:           Үйге тапсырма: I тоқсан материалдарын қайталау