Еуропадағы қала өмірі

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §19. Еуропадағы қала өмірі

Сабақтың мақсаты:

  • Еуропадағы қалалардың өмірі, халқының тұрмысы, кедейлері мен байларының өмірі туралы мағлұмат беру;
  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Ауыл шаруашылығы мен қолөнердегі жетістіктердің бір-бірімен байланысы қалай болды?
  • Қалалардың неліктен және қалай пайда болғанын түсіндіріп беріңдер?
  • Қалалардың пайда болуына және өсуіне байланысты қандай еңбек бөлінісі өмірге келді?
  • Қалалардың өсуі сауданың дамуына қалай әсер етті?
  • Жәрмеңке деген не? Шампань жәрмеңкесі туралы әңгімелеп беріңдер
  • Шығыс елдерімен сауданың қандай түрі жүргізілді?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Феодалға тәуелді қала. Қала билеушілері
  2. Қала халқының тұрмысы
  3. Қала байлары мен кедейлері

Сабақты бекіту:

  • Қала халқының әр түрлі тобына жататын қала тұрғындары немен айналысты және қалай өмір сүрді?
  • Қала кдейлері кімдерден құралды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §19. Оқулықта берілген тест тапсырмаларын орындап келу.