Орта ғасырлардағы шаруалар.

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §11.Орта ғасырлардағы шаруалар.

Сабақтың мақсаты:

  • Шарулардың қоғамдағы орны, олардың жікке бөлінуі, шаруалардың міндеттері, тұрмысы туралы оқушыларға түсіндіру.
  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Феодалдық саты қандай баспалдақтарға бөлінді?
  • Феодалдар шаруашылығы қалай дамыды?
  • Рыцарьлардың басты міндеті қандай болды?
  • Феодалдық замок қандай қызмет атқарды?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Шаруалардың ортағасырлық қоғамдағы орны
  2. Шаруалардың жікке бөлінуі
  • Шаруалардың екінші табына жататын жеке басы ерікті шаруалар Англияда «вилландар» еді. Олардың жағдайы біраз жеңілдеу болды. Олар өз қарамағындағы мүліктерін, еңбек құрал-жабдықтарын еркін жұмсай алды. Ерікті шаруалар өз жер үлесін мұрагерлік жолмен балаларына қалдыруға құқылы болатын.
  1. Шаруалардың міндеттері
  • Соғыста жүрген ауылдастарын азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырды.
  • Феодалдан алған жері үшін міндеткерлік:
    • Барщина
    • Оброк төледі
  • Қоғамдық жұмыстар
    • Тегін көпір салу, жол жөндеу жұмыстарын атқару.
  1. Шаруалардың тұрмысы
  2. Шаруалардың феодалдармен күресі

 

Сабақты бекіту:

  • Үш қауымдық топ теориясының басты қағидасы қандай?
  • Шаруалар қандай топтарға жіктелді?
  • Шаруалар қандай міндеткерліктер атқарды?
  • Шаруалардың феодалдарға қарсы күресінің қандай түрлері болды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §11.