Шіркеу және дін қызметшілері

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §23. Шіркеу және дін қызметшілері

Сабақтың мақсаты:

  • Христиан дінінің бөлінуі, христиан қоғамындағы папалардың рөлі, епископтар мен архиепископтар туралы егжей-тегжейлі түсіндіру;
  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
  • Оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Киев қаласы туралы әңгімелеп беріңдер
  • Владимир Мономах кімдерге қарсы соғысты?
  • «Русская правда» заңында не туралы айтылады?
  • Киев қаласында бүгінге дейін сақталып келген сәулет өнерінің ескерткішін атаңдар
  • Киев қаласы қазіргі таңда қай елдің астанасы?

Жаңа сабақтың жоспары:

  • Христиан шіркеуінің бөлінуі

 

  • Христиан қоғамындағы папалардың рөлі
  • Епископтар мен архиепископтар

 

Христиан шіркеуінің бөлінуі

Христиан дінінің екі тармағыБөліну себебіайырмашылығы
Католиктік шіркеу
Православиелік шіркеу

 

Сабақты бекіту:

  • Христиан діні қайда, қашан қалыптасты?
  • Христиан шіркеуі неліктен екіге бөлінді? Себебін түсіндіріңдер
  • Христиан дінбасылары қалай аталды?

Бағалау: Оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Үйге тапсырма: § 23.