Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті
7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §26. Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті
Сабақтың мақсаты:
- Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті туралы толық мәлімет беру;
- Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
- Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, суреттер, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- «Самурай» деген сөз нені білдіреді?
- Жапонияның саяси құрылымы қандай болды? Сегун дегеніміз кім?
- Шаруалар көтерілісінің негізгі талаптары қандай болды? Халық жиналысы қандай мәселелерді шешті?
- Жапон халқының ежелгі қолөнері несімен әйгілі болды?
- Жапонияда бір орталыққа бағынған мемлекет құру үшін күрескен адамдарды атаңдар
- Жапонияның оқшаулану саясатын қалай түсінуге болады?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Қытайда феодалдық қатынастардың орнауы
Ортағасырлық Қытайдың саяси құрылысы
- Император (көктің ұлы) шексіз билік иесі
- Басқарушы шененіктер: салық жинаушы, дін басшысы
- Әскери басшылар, сот ісін басқарушылар
- Император сарайының қызметшілері
- Тексеруші палата
- 10 әкімшілік аймақ
- округтер
- уездер
- Діннің таралуы
Сабақты бекіту:
- Ежелгі қытайлықтар шаруашылықтың қандай түрімен айналысқан?
- Қытайда жер иеліктерінің қанша түрі болды?
- Тан әулеті Қытайда қай жылдарда билік құрды?
- Қытайда будда діні қай ғасырда кең тарады?
- Даосизм дегеніміз не?
Бағалау:
Үйге тапсырма: § 26.