Үндістандағы феодалдық қатынастар

53

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §28. Үндістандағы феодалдық қатынастар

Сабақтың мақсаты:

  • Феодалдық қатынастың орнауы. Гупта мемлекеті туралы толық мағлұмат беру.
  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Ежелгі Қытай мемлекетінің шаруашылығы, қолөнері қалай дамыды?
  • Қытайдың саяси құрылымы. Императорлық әкімшілік басқару жүйесі қандай болды?
  • Ежелгі Қытай мемлекетінде қандай діндер үстемдік етті?
  • Қытай феодалдық мемлекетінің мәдениеті қалай дамыған?
  • Ұлы Жібек жолының негізгі бағыты қандай болды? Неге Жібек жолы деп аталды? Ұлы Жібек жолы  қазақстан жерінің қай өңірімен өтті?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Феодалдық қатынастың орнауы. Гупта мемлекеті
  • Әлеуметтік касталар- брахман, кшатрий, вайший, шудра.
  • 1526 жылы Әмір Темірдің шөбересі Бабыр Ауғанстан арқылы Үндістанға шабуыл жасап, Дели қаласын өзіне бағындырды. Дели қаласын жаулап алғаннан кейін Бабыр шах (император) деген атақ алады. Солтүстік Үндістан жерінен 100 мың әскер жинап, Бихар және Бенгал жерін бағындырып, Ұлы Моғол империясын құрады.
  1. Қала, қолөнер және сауда

Сабақты бекіту:

  • Үндістандағы Гупта мемлекеті қашан құрылды?
  • Әлеуметтік каста дегеніміз не? Олардың түрлерін атаңдар.
  • Феодалдық жер иеліктің қанша түрі бар?
  • Ұлы Моғол империясын құрған кім?
  • Үндістанда қолөнер мен сауда дамыды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: § 28. Үнді феодалдық қоғамында «кесапаттылар» деп аталатын касталық топ болды. Оларды неге бұлай атаған? Үнді қоғамының әлеуметтік құрылымы мен касталық жүйесі туралы кесте құрастырыңдар