7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты:

  • ІІ тоқсанда өтілген материалдарды қайталата, пысықтата отырып, білімдерін орнықтары, белсенділігін арттыру;
  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: қайталау, сұрақ-жауап, ойын

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Осман империясы деп неге аталды?
  • Түрік-Осман империясы қашан құрылды?
  • Византия империясы қашан құлады?
  • Осман империясындағы феодалдық қатынастар қандай болды?
  • Балқан халықт. ұлт-азаттық қозғалысындағы басты оқиғаларды атаңдар.
  • Түрік эпостарының аттарын атаңдар.

Пысықтау сабағының материалдары:

 

  • ХІ-ХҮ ғғ. Италия
  • Орта ғас. Еуропадағы қала өмірі
  • Ағарту ісі, ғылым, мәдениеті, өнер
  • ХІ-ХІІІ ғ. Русь
  • Шіркеу және дін қызметшілері
  • Крест жорықтары
  • Орта ғасырлардағы Қытай
  • Жапония
  • Үндістан
  • Түркия

 

Сабақты бекіту:

 

  • «Иә-жоқ»
  • Эрудит
  • Мұны әркім білуі тиіс
  • Ішіне-сыртына
  • Бетпе-бет

 

Бағалау:

Үйге тапсырма: ІІ тоқсан материалдарын қайталау.