Ғылыми білімдердің дамуы

41

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §49. Ғылыми білімдердің дамуы

Сабақтың мақсаты:

  • ХҮ ғасырдағы дүние жүзіне йгілі болған ғалымдармен, олардың еңбектерімен таныстыру;
  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің баты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Томас Мордың қөзқарасының қалыптасу себебін түсіндіріңдер? Қазақстанда ХҮ ғасырда Т.Мордың көзқарасына ұқсас ұжмақ жер іздеген қандай ойшыл болды?
  • Рабле өз романында феодалдық дүниені қалай сынады?
  • Шекспир шығармалары кейіпкрлерінің өзара байланысын түсіндіріңдер. Қазақтың қай жазушысы Шекспир шығармаларын қазақ тілінде аударды?
  • Қиялшыл да күлдіргі Дон Кихот бейнесі несімен қымбат?
  • ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы ұлы жазушылардың шығармашылығынан Қайта өркендеу мәдениетінің қандай ерекшеліктерін көруге болады?

Жаңа сабақтың жоспары:

«ККК»әдісі бойынша  оқушыларды

  • метематик
  • суретші
  • тарихшы
  • географ етіп бөлу.
  1. Ғылымның дамуы
  2. Коперник Николай
  3. Бруно Джордано
  4. Галилео Галилей

Сабақты бекіту:

  • ХҮ-ХҮІІ ғасырларда әлем құрылымы жөніндегі жаңа көзқарастар қалай пайда болды?
  • Дүниенің құрылымы жөніндегі Птоломей мен Коперниктің пікірлерін салыстырыңдар. Коперниктің ғылыми жаңалығы несімен бағалы болды?
  • Д.Бруно әлемнің құрылымы жөніндегі түсінікке қандай жаңалық енгізді?
  • Коперник пен Бруноның көзқарасын Галилей қалай дәлелдеді және дамытты?

Бағалау:өзін-өзі

Үйге тапсырма: § 49. ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы ғалымдардың ашқан ғылыми жаңалықтары. Әлемнің құрылымы туралы Николай Коперник, Г.Галилей, Д.Броно ілімдері жайлы реферат жазып келу.