7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ

120

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ

Сабақтың мақсаты:

  • Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихынан алған білімдерді қайталай отырып, өмірлік азық ету;
  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің баты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • ХҮ-ХҮІІ ғасырларда әлем құрылымы жөніндегі жаңа көзқарастар қалай пайда болды?
  • Дүниенің құрылымы жөніндегі Птоломей мен Коперниктің пікірлерін салыстырыңдар. Коперниктің ғылыми жаңалығы несімен бағалы болды?
  • Д.Бруно әлемнің құрылымы жөніндегі түсінікке қандай жаңалық енгізді?
  • Коперник пен Бруноның көзқарасын Галилей қалай дәлелдеді және дамытты?

Қайталанатын матералдар:

  1. Ү-Х ғасырлардағы батыс және орталық еуропа
  2. Ү-Х ғасырлардағы Византия, Таяу Шығыс, Орталық Азия және Русь
  3. Ортағасырлық қоғамның негізгі белгілері мен ерекшеліктері
  4. ХІ-ХІІІ ғасырлардағы христиан шіркеуі. Крест жорықтары
  5. Шығыс елдерінде феодалдық құрылыстың орануы
  6. ХІ-ХҮ ғасырлардағы орат, орталық Азия және Африка елдері
  7. Халықтардың монғол-татар шапқыншылығана қарсы күресі
  8. ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы еуропа мемлекеттері
  9. Орыс жерлерін біріктірудің аяқталуы және Алтын Орданың құлауы

 

Сабақты бекіту:

  • Түйін сөз.
  • Тест

Бағалау:Жылдық қорытынды бағаларын шығару

Үйге тапсырма: Тарихи шығармалар оқу