Бірінші дүниежүзілік соғыс.

358

10-сынып. Дүние жүзі тарихы(гуманитарлық)

Сабақтың тақырыбы: §4. Бірінші  дүниежүзілік соғыс.

Сабақтың мақсаты:

  • Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, барысы және аяқталуы туралы баяндау;
  • Пәнге деген қызығушылығын арттыру,ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту;
  • Ұлттық рухы биік, бәскеге барынша қабілетті тұлға қалыптастыру

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Дүние жүзін бөлісудегі ірі елдердің бәсекелестігі
  2. Германияның өркендеуі және әскери-саяси одақтардың құрылуы
  3. Орыс-француз одағы
  4. Ағылшын-орыс қатынастары
  5. Балқан соғыстары

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, барысы және аяқталуы
  2. Марна шайқасы
  3. «Верден қырғыны»
  4. Германияда революцияның басталуы, соғыстың аяқталуы.

 

Антанта                             Үштік одақ
1. Өндірістің соғыс жағдайына сай қайта құрылмауы. 1. Килль каналы қызметінің жақсаруы.
2. Францияның Бельгиямен екі арадағы шекерада бекінісінің болмауы. 2. Неміс артиллериясының күш қуатының артуы. Крупп зауыттарында зеңбіректердің жаңа түрлерінің шығарылуы.
3. Құрлықтағы әскердің әлсіздігі. 3. Германияның «қауырт соғысқа» дайындалуы
4. Әскери-теңіз флотының дайындығы едәуір жақсы болды. 4. Неміс армиясының сан жағынан артықшылығы. Австрия-Венгрияның әскери қуатының артуы.

 

Сабақты бекіту:

  • Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталу себептері қандай болды?
  • Соғыстың қандай ірі шайқастарын білдіңдер?
  • Германия неліктен «Шлиффен» жоспарын жүзеге асыра алмады?
  • АҚШ неге 1917 жылы ғана соғысқа кірді?
  • Бірінші дүниежүзілік соғыс майдандарында соғыс қимылдарын тоқтату жөнінде келісімге қол қою қашан және қай жерде болды?
  • Бірінші дүниежүзілік соғыстағы жалпы адам шығыны қанша болды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §4.