АҚШ: «Жаңа бағыт» саясаты

570

10-сынып. Дүние жүзі тарихы(гуманитарлық)

Сабақтың тақырыбы: §11. АҚШ: «Жаңа бағыт» саясаты

Сабақтың мақсаты:

  • Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тың экономикасы, саяси және әлеуметтік жағдайы, АҚШ-тағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері туралы толық түсінік беру;
  • Тарихи санасы қалыптасқан, шығармашыл, бәсекеге барынша қабілеті ұлтжанды тұлға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Экономикалық дағдарыстың себептері мен әлеуметтік салдарлары
  2. АҚШ-тағы жағдай
  3. Жұмыссыздық
  4. Қоғамдағы көңіл-күйдің өзгеруі
  5. Д.Кейнс теориясы
  6. Азия,Африка және Латын Америкасындағы дағдарыс
  7. Халықаралық қатынастар дағдарысы

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ
  2. АҚШ-тағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері
  3. 1932 жылғы президент сайлауы және Ф.Рузвельттің жеңіске жетуі
  4. Президент Ф.Рузвельттің «Жаңа бағыт» саясаты
  5. Американдықтар көңіл күйінгегі өзгерістер
  6. Кәсіподақ қозғалысының өрлеуі.
  7. Үкімет саясатындағы «солға ығысу» және ішкі саяси күрестің шиеленісуі
  8. Жоғары Сот реформалары. 1936 жылғы сайлау. Жаңа дағдарыс
  9. АҚШ-тың «Жаңа бағыт» саясатының маңызы
  10. АҚШ-тың сыртқы саясаты

Сабақты бекіту:

  • Американың «гүлденуінің» шынайы негіздерін түсіндіріңдер
  • 1929-1933 жылдарғы АҚШ-тағы ұлы дағдарыстың себептері қандай болды?
  • Ф.Рузвельттің «Жаңа бағытының» қандай заңдары америка еңбекші бұқарасының мүддесін қорғады? Неге қорғады деп ойлайсыңдар?
  • «Жаңа бағыт» реформасының мәні? Кәсіподақтар қандай идеяларды басшылыққа алды? АҚШ-тағы «Жаңа бағыт» саясатының маңызы қандай?

 

Бағалау:            Үйге тапсырма: §11.