1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс.

479

10-сынып. Дүние жүзі тарихы(гуманитарлық)

Сабақтың тақырыбы: §10. 1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс.

Сабақтың мақсаты:

  • Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дүниежүзілік экономикалық дағдарыс себептерін, әлемдегі саяси және әлеуметтік жағдай, АҚШ-тағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері туралы толық түсінік беру;
  • Тарихи санасы қалыптасқан, шығармашыл, бәсекеге барынша қабілеті ұлтжанды тұлға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

 

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • 1917 жылғы Қазақ төңкерісінің себептерін түсіндіріп беріңдер.
  • 1917 жылығы Қазақ төңкерісін ұйымдастырып, өткізудегі В.И.Лениннің рөлі қандай?    Кеңес үкіметінің алғашқы шараларын атаңдар.
  • Ресей шаруалары «Жер таралы» Декретті қалай қабылдады?
  • Ресейдегі азамат соғысы мен шетелдік интервенцияның себептерін  ашып беріңдер
  • КСРО-ның құрылу негізінде И.Сталинның автономияландыру жөніндегі жоспары неліктен қолдау таппады?

 

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Экономикалық дағдарыстың себептері мен әлеуметтік салдарлары
  2. АҚШ-тағы жағдай
  3. Жұмыссыздық
  4. Қоғамдағы көңіл-күйдің өзгеруі
  5. Д.Кейнс теориясы
  6. Азия,Африка және Латын Америкасындағы дағдарыс
  7. Халықаралық қатынастар дағдарысы

 

Сабақты бекіту:

  • 1929-1933 жылдардағы дағдарыс ерекшеліктерін атаңдар
  • Бұл дағдарыстың ұзаққа созылуын қандай себептермен байланыстырар едіңдер?
  • Дағдарыстың әлеуметтік және экономикалық салдарын түсіндіріңдер
  • Д.Кейнс ұсынған дағдарыстан шығу жолдары қандай?
  • Сендер дағдарыстан шығу жолдарының қандай шараларын ұсынар едіңдер?

 

Бағалау:            Үйге тапсырма: §10.