Энеолит. Ботай мәдениеті

256

10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)

Сабақтың тақырыбы. § 2. Энеолит. Ботай мәдениеті

Сабақтың мақсаты:

  • Өндірісте мыстан жасалған еңбек құралдарын пайдаланумен энеолит дәуірінің басталуын, оның ерекшеліктерін, табиғаттағы өзгерістердің адам тіршілігі мен өміріне әкелген жаңалықтарын көрсету.
  • Шаруашылық түрлерінің дамуын, алғашқы металл- мысты пайдаланудың зор маңызын түсіндіру. Үш кезеңнің мәдени ескерткіштеріне тоқталып өту.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

  1. «Қазақстан б.з.б. VII-б.з. VI ғасырларында» картасы
  1. «Қазақстан Республикасының саяси картасы».
  2.  Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Орта палеолот кезеңі адамзат дамуының қай кезеңіне сәйкес келеді?
  2. Бұл кезеңнің тұрақтары Қазақстанның қай аймақтарынан табылған? Картадан көрсетіңдер.
  3. Адамдар құрал жасаудың қандай жаңа тәсілдерін меңгерді?
  • Неолит кезеңінде адамдардың тас құрал жасауда ең жоғары сатыға жеткенін немен дәлелдей аласыңдар?

Сабақтың жоспары:

  1. Энеолит
  2. Ботай мәдениеті

 

Негізгі мазмұн

Қай жерден табылды Тұрақтар Зерттеудегі жаңалықтар
1 Оңтүстік Қазақстан обылысы Қараүңгір (б.з.б. 6-5 мыңжылдық) Үңгір-екі бөлмелі.

Тастан жасалған құрылыстар, сүйектен ине, біз. Қыш ыдыстар

2 Маңғыстау облысы Ойықты, Төлес Тұрмыста теріні, сүйек, ағаш өңдеу кеңінен қолданылды. Қыш ыдыстар,  сыртына геометриялық өрнектер салынған.
3 Қосқұдық (б.з.б. 5-4 мыңжылдық) Шақпақ шәне жай тастардан жасалған көптеген бұйымдар. Тарақ тәрізді өрнекпен өрнектелген қыш ыдыстар
4 Ақмола облысы Атбасар мәдениеті- Қарлыға, Жабай 200-ге жуық тұрақ табылған. Жартылай көшпелі шаруашылық
5 Торғай облысы Маханжар, Тұздыкөл, Дүзбай, Сор Ыдыстар ерекшелігі-жіңішке қылта мойын, конус тәрізді. Өрнектері-тарақша

Сабақты бекіту:

  • Энеолит дәуірінде қандай жаңа материалдар пайдаланылды?
  • Ботай мәдениеті туралы не білесіңдер?

Бағалау:

Үйге тапсырма: § 2. Энеолит. Ботай мәдениеті