Қытай,Монғолия

114

10-сынып. Дүние жүзі тарихы(гуманитарлық)

Сабақтың тақырыбы: §17. Қытай,Монғолия

Сабақтың мақсаты:

  • Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытай, Жапон-Қытай соғысы, революцияның басталуы,Монғолияның саяси-экономикалық даму жолдары туралы оқушыларға түсіндіру;
  • Белсенділігін арттырып, білімін жетілдіру;
  • Тарихи санасы қалыптасқан, шығармашыл, бәсекеге барынша қабілеті ұлтжанды тұлға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба, суреттер

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

 

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония мен Қытай қалай дамыды?
  • 20-30 жылдардағы Жапонияның сыртқы саясатын сипаттап беріңдер.
  • Бірінші джс кейін Жапония мен Қытайда қандай оқиғалар орын алды?
  • Неге жапон билеуші топтары Тынық мұхит жаққа бет бұрып,соғыс жүргізді?
  • Саяси картамен танысып, Жапония жаулап алған елдерді көрсетіңдер.

 

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытай.
  2. Жапон-қытай соғысы
  3. Қытайда Гоминьдан билігінің орнауы
  4. Чан Кайши үкіметінің (1928-1934жж.) саясаты
  5. 1927-1937 жылдардағы азаматтық соғыс
  6. 1937-1945 жылдардағы Қытай халықтарының Жапония басқыншылығына қарсы күресі.
  7. 1914-1945 жылдардағы Монғолияның саяси-экономикалық даму жолдары

 

Сабақты бекіту:

  • Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қытай қалай дамыды?
  • «Қытайдағы кеңестік қозғалыс» дегеніміз не?
  • Бірінші джс кейін Жапония мен Қытайда қандай оқиғалар орын алды?
  • 1925-1927 жылдардағы Қытай революцияның сипатын және оның ерекшеліктерін ашып көрсетіңдер.
  • 1921 жылғы Монғолиядағы Арат революциясының мәнін ашып беріңдер

Бағалау:

Үйге тапсырма: §17.